file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Жапондар алғашқы адамтекті құлтемірді таныстырды

Жапондар алғашқы адамтекті құлтемірді таныстырды

SoftBank Corp. 4 маусым күні адамның көңіл-күйін ұғына алатын әлемдегі ең алғашқы адамтекті құлтемірді көпшілік қауымға ұсынды. Құлтемір келесі жылдан бастап сатылымға шығады.

Компанияның бас директоры Мэсайоши Сон Ураясуда болған баспасөз конференциясында бүгінгі күнді 100 немесе 200 жыл өтсе де адамзат баласы есінде сақтайтынын айтады. SoftBank француздың Альдебаран құлтемірін өндіруші SAS Robotics компаниясымен бірігіп, Pepper есімді гуманоидты құлтемір жасап шығарды. Құлтемір эмотивті құрылғымен жабдықталған. Ол адамның келбетіне, сөйлеу мәнеріне қарап, оның көңіл-күйін анықтай алады екен.

Сонның айтуынша, SoftBank құлтемірді келесі жылдың ақпан айынан 198,000¥-ге сататын болады.

Жапондар алғашқы адамтекті құлтемірді таныстырды





Үй жағдайында Pepper балаларға кітап оқып беру секілді пайдалы қызметтерді атқара алады. «Алдағы уақытта ата-аналар өз баласын біздің адамтекті құлтемірге толық сеніммен қалдырып кете алатын болады», - дейді бас директор.

Pepper-дің бойы – 120 см, ал салмағы – 28 кг. Ол өзі қарым-қатынаста болған адамның мінез-құлығын интернет базасына сақтап, басқа құлтемірлермен бөлісе алады. Бір сөзбен айтқанда, психикалық ақпаратты өңдеп, басқалармен пікір бөлісе алады.




Тайваньдық құлтемір өндірісінің алыбы Foxconn Technology Group компаниясы Pepper-дің келесі модельдерін шығаруда серіктес болатыны жайлы да айтылды. Компанияның құлтемір жасау саласындағы 30 жылдық тәжірибесіне орай, Сон мырза жақын болашақта құлтемір адам өмірінің негізгі элементіне айналатынын сеніммен айтып отыр.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев, дереккөзі

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?