Дүниежүзі мұхит суларының қасиеттері



Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: ГидросфераМектеп№177 мектеп
Күні: Мұғалімдер: Даурбаева Сая
Сынып: 7 а, бҚатысқандар саны: Қатыспағандар саны
Сабақ тақырыбыДүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері 
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)Мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтайды 
Сабақ мақсаттарыМұхит суының тұздылығына сипаттама жасайды
Мұхит суының температурасына сипаттама жасайды.
Оқушылар атлас картаны қолдана отырып мұхит суының қасиеттерінің таралуы бойынша талдайды. 
Бағалау критерийлері Мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтай алады.
Мұхит суының тұздылығына сипаттама жасай алады
Мұхит суының температурасына сипаттама жасай алады
Тілдік мақсаттарПәнге тән лексика мен терминология:
  • судың тұздылығы
  • промилле
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Менің ойымшы.......................... өзгереді
Менің ойынша................................. әсер етеді
Құндылықтарды дарыту Жаһандық азаматтық: Әлемдік мұхит суының температурасы тақырыбында қозғалады.
Құндылықтарды дарыту топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір - біріне құрмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Пәнаралық байланыстарФизика пәнімен судың үш түрлі жағдайында байланысыды
математика пәнімен есеп шығару барысында байланыс жасайды.
АКТ қолдану дағдылары АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және карталар мен презентация қолдану барысында жүзеге асады.
Бастапқы білім 5 - 6 сыныптың жаратылыстану пәнінен алған білімдері 
Сабақ барысы 
кезеңдер Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
0 - 3 мин
  • сәлемдесу
  • түгелдеу
  • ынтымақтастық атмосферасын құру 


4 - 6
7 - 13
14 - 22
23 - 27
28 - 35
36 - 38
Өткен сабақты бекіту үшін тапсырма
Жеке жұмыс. Сәйкестендіріңіз: мұхиттар мен нысандарды сәйкестендіреді
Тақтада көрсетілген кілттер арқылы өз - өздерін тексереді.
  • Мұхит суының температурасы
Тақырыпшасы бойынша презентация арқылы түсіндіру
  • 1 тапсырма. Топтық жұмыс. Жұмысты орындауға 3 минут, ал қорғауға 1 минут уақыт беріледі.
Оқушыларды 4 мұхит бойынша топқа біріктіру
1. Тынық
2. Атлант
3. Үнді
4. Солтүстік мұзды
Тапсырма бойынша оқушылар атлас картаны қолдана отырып топпен аттас мұхиттың температурасы бойынша талдау жасайды.
  • Температурасы жоғары 2 ауданды белгілеңіз
  • Температурасы төмен 2 ауданды белгілеңіз
  • Температураның ендік бойынша өзгерісін анықтап, температураның ендік бойынша өзгерісіне әсер ететін екі факторды атаңыз
Бағалау критерийір/сДескрипторлар+/ – 
Мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтайды1Температурасы жоғары 2 ауданды белгілейді
2Температурасы төмен 2 ауданды белгілейді
3Температураның ендік бойынша өзгерісін анықтайды
4Температураның ендік бойынша өзгерісіне әсер ететін екі факторды талдайды
Бағалау: Жұмысын қорғаған топты, отырған оқушылардың кез келгені дескриптор арқылы бағалайды.
  • Мұхит суының тұздылығы
Тақырыпшасы бойынша презентация арқылы түсіндіру
2 тапсырма. Топтық жұмыс. Жұмысты орындауға 3 минут, ал қорғауға 1 минут уақыт беріледі.
Тапсырма бойынша оқушылар атлас картаны қолдана отырып топпен аттас мұхиттың тұздылығы бойынша талдау жасайды. Және температурамен байланысын сипаттайды.
  • Тұздылығы жоғары 2 ауданды белгілеңіз
  • Тұздылығы төмен 2 ауданды белгілеңіз
  • Тұздылықтың ендік бойынша өзгерісін анықтап, тұздылықтың ендік бойынша өзгерісіне әсер ететін екі факторды атаңыз
Бағалау критерийір/сДескрипторлар+/ – 
Мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтайды1Тұздылығы жоғары 2 ауданды белгілейді
2Тұздылығы төмен 2 ауданды белгілейді
3Тұздылықтың ендік бойынша өзгерісін анықтайды
4Тұздылықтың ендік бойынша өзгерісіне әсер ететін екі факторды талдайды
Бағалау: Жұмысын қорғаған топты отырған оқушылардың кез келгені дескриптор арқылы бағалайды.
Қосымша тапсырма.
Мұхит суының тұздылығы бойынша есеп шығару
Егер 7 тонна суда 280 кг тұз болса. 1 кг суда қанша грамм тұз болады?
Егер 8 тонна суда 720 кг тұз болса, 3 кг суда қанша грамм тұз бар? 
презентация
Флипчарт,
Атлас карта,
Кескін карта
презентация
Флипчарт,
Атлас карта,
Кескін карта

Сабақтың соңы
38 - 40
Сабақты бекіту: INSERT стратегиясы бойынша жүреді 
V
Бұрыннан білемін
+
Мен үшін жаңалық
-
Келіспеймін
?
Сұрақ пайда болды?




Бағалау. Әр тапсырманың жауаптары бойынша
Үй жұмысы:
1. Ғаламтор мәліметтерінен және бейнебаяннан теңіз суын тұщы суға айналдыру әдісін жасап көріп, талдау жасап келу. 


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


  

Қабілеті жоғары оқушыларға. Қосымша тапсырмалар беруге болады.Бағалау критерийлері арқылы бағалау;
Өзін - өзі бағалау;
Өзара топтық бағалау 
Техникалық қауіпсіздік ережелерін ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? 
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 













Источник: bilimdiler.kz


Комментарии для сайта Cackle