Сабақ жоспары (ұмж): Қайнау, меншiктi булану жылуы. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау. (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қайнау, меншiктi булану жылуы. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау. (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттың агрегаттық күйлері
Сабақ тақырыбы: Қайнау, меншiктi булану жылуы. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ): 8.3.2.15 – меншікті булану жылуын анықтау;
8.3.2.16 – қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• меншікті булану жылуының физикалық мағынасын түсіну;
• қайнау температурасының қалыпты атмосфералық қысымға тәуелді екенін білу;
• булану, қайнау, конденсация процестері кезінде жылу мөлшерін анықтауға арналған формулаларды есеп шығару барысында қолдана алу.

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды немесе мұғалім сұрақтар дайындайды.
Қайталау сұрақтары
1. Қандай процесс булану деп аталады?
2. Буланудың қандай түрлерін білесіз?
3. Буланудың жылдамдығы қандай шамаларға тәуелді?
4. Сұйықтың қайнауының буланудан айырмашылығы қандай?
5. Меншікті булану жылуының физикалық мағынасы қандай?
6. Қандай құбылыс конденсация деп аталады? Конденсацияға мысал келтіріңіз.
7. Қандай бу қаныққан деп аталады ?
8. Қандай бу қанықпаған деп аталады?
9. 1-суретте бейнеленген процестер қалай аталады?

Жоғарыдағы графиктен әрбір бөліктегі процестерді атаңыз.
АБ –
БВ –
ВГ –
ГД –
ДЕ –
ЕЖ –
Бағалау критерийлері:
• МКТ негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттайды
• заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау біледі.
Оқушылардың жауаптарын ескере отырып мұғалім кері байланыс ұйымдастыруына болады.
2. Ой қозғау. Неліктен бірнеше күннен кейін сұйықтар деңгейі әртүрлі болады?

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
- меншікті булану жылуын анықтау;
- қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігін түсіндіру.

4. Түсіндіру. Мүғалім меншікті булану жылуының физикалық мағынасын түсіндіреді. Q булану = rm Qконденсация = - rm
(Е) Мұғалім тәжірибе көрсетеді. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға тәуелділігін зерттеу..
Колбадағы қайнап тұрған сұйықты оттан аламыз да груша бекітілген тығынмен колбаны жабамыз. Грушаны сыққан кезде колбадағы сұйықтың қайнау тоқтайды. Неліктен?
Оқушылар өзара талқылайды.Оқушылар грушаны сығу кезінде колбадағы қысым артатынын, қысым артқан сайын қайнау температурасыда артатынын түсінуі тиіс.
Мұғалім кері байланыс жасай отырып, теңіз деңгейінен биіктік артқан сайын атмосфералық қысымның азаятынын еске түсіреді, яғни қайнау температурасы азаяды............


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle