Сабақ жоспары (ұмж): Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.3.1.1 – Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• Броун тәжірибесін сипаттау;
• молекулардың үздіксіз қозғалыста болуының дәлелі броундық қозғалыс екенін түсіндіре білу;
• диффузия құбылысын МКТ қағидалары негізінде түсіндіру.

1. 7.4.1.2 "Заттар атомдар мен молекулалардан түзілетінін білу" оқу мақсаты бойынша 7 сыныпта химия пәнінен алған білімдерін еске түсіреді. Заттың құрылысын еске түсіру мақсатында видео көрсетіледі.
Оқушылар МКТ негізгі үш қағидасын тұжырымдайды:
• Барлық денелер микробөлшектерден (атомдардан немесе молекулалардан) тұрады.
• Дене бөлшектері үздіксіз бей-берекет қозғалыста болады.
• Ол бөлшектер өзара әрекеттеседі, бір-біріне тартылады немесе бір-бірінен тебіледі.
Бағалау критерийлері:
Заттың құрылысын дұрыс сипаттайды.
МКТ негізгі үш қағидасын дұрыс тұжырымдайды.
Мүғалім кері байланыс жасай отырып, толықтырулар енгізеді.
2. Ой қозғау.
Неліктен әтір иісі бөлмеге тез тарайды? Оқушылар бірнеше себеп айтуы мүмкін. Әтір немесе басқа заттардың иісінің таралуы зат бөлшектерінің қозғалыста болуының бірден-бір дәлелі екенін мұғалім түсіндіреді.
3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
• Броун тәжірибесін сипаттау;
• молекулардың үздіксіз қозғалыста болуының дәлелі броундық қозғалыс екенін түсіндіре білу;
• диффузия құбылысын МКТ қағидалары негізінде түсіндіру.
4. Түсіндіру. а) Мұғалім Броундық қозғалысқа
видео фрагмент көрсетеді, содан соң оқушыларға сұрақтар жазылған парақшалар беріледі.
1. Зат бөлшектерінің қозғалысы неден тәуелді?
2. Броундық қозғалыстың себептері қандай?
3. Броундық қозғалыс теориясын қашан және кім құрды?
Мұғалім кері байланыс жасай отырып, броундық қозғалысты түсіндіреді.
b) Мұғалім Диффузия құбылысына видео фрагмент көрсетеді. Оқушылар диффузия құбылысы қандай ортада жүретінін және неліктен жылдам немесе баяу жүретіні жайлы ақпарат алады.
с) Мұғалім демонстрациялық тәжірибе көрсетеді. Үлкен мөлдір шыны ыдысқа жылы су құйып, оған перманганат калий ұнтағының өте аз мөлшерін салып сұйықтағы диффузия құбылысын бақылайды. Оқушылардың дәлелді тұжырымдамаларын тыңдауға болады.
Мұғалім кері байланыс жасай отырып, диффузия құбылысын түсіндіреді.
5. Сабақты бекіту. Оқушылар (Қосымша 4 және Қосымша 5) тапсырмаларды орындау үшін жоғарыдағы алған білімдерін қолданады.
Бағалау критерийлері:
1. МКТ негізгі қағидаларын қолданады.
2. Зат құрылысын біледі, түсіндіреді.
3. Диффузия құбылысы арқылы түсіндіреді.
4. Құбылысты броундық қозғалыс негізінде түсіндіреді
Қабілетті оқушылар диффузия құбылысына мысалдар келтіріп, өз тұжырымдарын дәлелдейді.
6. Жетістікті бағалау.
Оқушылар стикерге/ауызша бүгінгі сабақта түсініксіз болған ақпаратты жазады/айтады. Қиындықтар туындамаған жағдайда оқушылар осы тақырыпқа қатысты бір-біріне сұрақ қояды. Тапсырманы аяқтаған соң оқушылардың жауаптарына қарай кері байланыс ұйымдастырылады...........


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle