Жылу мөлшері, меншікті жылусыйымдылығы 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

 Жылу мөлшері, меншікті жылусыйымдылығы 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылулық құбылыстар
Сабақ тақырыбы: Жылу мөлшері, меншікті жылусыйымдылығы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;
8.3.2.6 – заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• жылу мөлшерінің заттың тегіне, массасына және оның температурасының өзгерісіне тәуелділігін зерттеу;
• заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсіндіру;
• жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану.

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу.Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Әр топ 8.3.2.1 "дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау және 8.3.2.2 жылу берілудің түрлерін салыстыру" оқу мақсаттары бойынша білімдерін демонстрациялайды.
І топ конвекцияны түсіндіреді және мысалдар келтіреді ІІ топ жылуөткізгіштікті түсіндіреді және мысалдар келтіреді ІІІ топ сәуле шығаруды түсіндіреді және мысалдар келтіреді
ІV топ ішкі энергияны өзгертудің тәсілдерін тақтаға/постерге жазып сипаттайды және мысалдар келтіреді. Үш топтың жұмысын талдап, жылу берілудің түрлерін салыстырады.
Бағалау критерийлері:
Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін дұрыс сипаттайды.
Жылу берілудің түрлеріне сәйкес дұрыс мысалдар келтіреді.
Жылу берілудің түрлерін салыстырады.
Орындалған тапсырмаларға, жылу берілудің түрлерін салыстыра отырып мұғалім кері байланыс береді.
2. Ой қозғау.
Оқушылар сыну ойлауға тапсырмалар орындайды. Оқушылардан жылу мөлшерінің қандай шамадан тәуелді екенін ауызша болжам жасауларын сұрайды. Аталған бірнеше болжамның ішінен мұғалім кері байланыс бере отырып, зерттеу аймағын айқындайды.
3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
• жылу мөлшерінің заттың тегіне, массасына және оның температурасының өзгерісіне тәуелділігін зерттеу;
• заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсіндіру;
• жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану.
4. Түсіндіру. Мұғалім демонстрация көрсетеді. Оқушылар көрсетілген демонстрацияға қорытынды жасайды.
1. Көлемі әртүрлі суы бар үш ыдысты қыздырады, бірдей мөлшерде жылу энергиясы берілгенімен, сулардың температурасы әртүрлі қарқынмен көтерілетінін байқауға болады.
2.Екі ыдысқа бірдей мөлшерде су және май құйылған, оларға бірдей қыздырғыштан жылу беріледі
3.Көлемдері бірдей екі ыдысты спирт шамымен және электр плитасы көмегімен қыздыру.
Мұғалім кері байланыс жасай отырып, барлық көрсетілген демострацияға жалпы қорытынды жасайды және жылу мөлшерінің формуласын қорытып шығарады. Заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсіндіреді.
5. Сабақты бекіту. Оқушылар төмендегі тапсырмаларды орындау үшін жылу мөлшерінің формуласын қолданады.
Тапсырмалар:
1. Алғашқы температурасы 20°C 6кг суды қайнату үшін жылудың қандай мөлшері қажет?
2. Массасы 120 г күміс кесегі 660С-тан 160С-қа дейін суығанда қоршаған ортаға 1,2 кДж жылу береді. Күмістің меншікті жылу сыйымдылығы қандай?
3. Массасы 4 кг кірпішті t10=630С-қа қыздыруға жұмсалған жылу мөлшері, массасы осындай суды t20=13,20С-қа дейін жылытуға қажетті жылу мөлшеріне тең болса, кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығы қандай болар еді? ссу4200 Дж/кг0С.
Бағалау критерийлері:
1. Есептің шартын дұрыс талдаған.
2. Белгісіз шаманың формуласын дұрыс қорытып шығарған.
3. Берілген шамалардың мәндерін пайдаланып, дұрыс есептеулер жүргізген.
Ерекше қабілетті оқушыларға берілетін тапсырмалар:
1. Температурасы 420С, массасы 6 кг суға температурасы 720С, массасы 4 кг су құйды. Оған тағыда, температурасы 180С, массасы 20 кг су құйылса, қоспаның температурасы қандай болған?
2.Температурасы 200С болатын 400 л су температурасы 700С, 100 л сумен араластырылған. Қоспаның температурасы қандай?
6. Жетістікті бағалау. "3+1"жаттығуының көмегімен оқу мақсаттарына жетуді бағалау. Оқушылар стикерге бүгінгі сабақта алған жаңа үш ақпаратты және жаңа тақырып бойынша бір түсініксіз болған жағдайды жазады. Қиындықтар туындамаған жағдайда оқушылар осы тақырыпқа қатысты бір-біріне сұрақ қояды. Тапсырманы аяқтаған соң оқушылардың жауаптарына қарай кері байланыс ұйымдастырылады ...........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 371



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі