Ішкі энергия және оны өзгертудің тәсілдері 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

 Ішкі энергия және оны өзгертудің тәсілдері 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Ішкі энергия және оны өзгертудің тәсілдері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.2.1 - ішкі энергияның өзгеруінің жолдарын сипаттау
Сабақ мақсаттары: • Кинетикалық және потенциалдық энергияның ішкі энергияға айналуын түсіну;
• Ішкі энергия мен механикалық энергияны ажырата білу;
• Дененің ішкі энергиясын өзгерту жолдарын білу.

- Ұйымдастыру

- Шаттық шеңбері "Бүгінгі тілек "

- Үй тапсырмасын kahoot ойыны арқылы тексеру
- Алдыңғы білімдерін жаңғырту
Мұғалім келесі сұрақтарды оқушыларға ауызша қояды:
1.Оқушылар сіздер ойынды ойнау барысында қандай энергия түрлерін иемдендіңіздер? (кинетикалық, потенциалдық)
2.Кинетикалық энергия дегеніміз не? (Қозғалыстағы денелердің энергиясы)
3.Потенциалдық энергия дегеніміз не? (Әр түрлі денелердің (немесе бір дене бөліктерінің) өзара орналасуы бойынша энергия)
4.Энергия түрлері неден тәуелді? (жылдамдықтан, денелердің орналасуынан
5.Энергияның өлшем бірлігі қандай? (Джоуль)

Демонстрация көрсету: насос, тығын, резенке арқылы
Демонстрациялық тәжірибе арқылы проблемалық сұрақ қою нәтижесінде сабақтың тақырыбына және мақсатына шығу
Ішкі энергияның өзгеруінің жолдарын сипаттау;
Оқушылар «Атом-молекула» ойынын ойнайды. Осы ойынның өткізілуі келесідей: мұғалім оқушыларды орынынан тұрғызып билеттіріп қояды да, оқушыларға мұғалім молекула неше атомнан тұратынын айтады. Егер молекула төрт атомнан тұрады деп хабарласа, оқушылар төрт-төрттен бірігуі қажет, дәл осылай молекула үш атомнан тұрады деп хабарласа, оқушылар үш-үштен бірігуі қажет. Бұл мезетте сыныптағы оқушылар санын ескеру қажет. Нәтижесінде оқушылар екі топқа бірігуі тиіс.
Топтық жұмыс. Оқушылар энергияның өзгеру жолдарын қарастырады.
І топ – ішкі энергияны қоршаған денелермен жылу алмасу арқылы өзгерту жолын қарастырады;
ІІ топ - ішкі энергияны механикалық жұмыс істеу арқылы өзгерту жолын қарастырады.
Тапсырмалары кеспе қағазда беріледі.
Әр топтан бір оқушы шығып өздерінің ортақ жауаптарын айтады. Жауаптарын дәлелдеп, негіздей алу қажет.
Теориялық білім
Оқушылардың жауаптарын негіздей отырып нақтырақ теориялық материалды беру.
Алған білімдерін бекіту
Оқушылар жұппен сапалық тапсырмаларды орындайды.
Жұптық бағалау
Жұптар парта бойынша тізбектеліп жауаптарымен алмасады. Қол көтерген оқушылардан жауаптары тыңдалады. Оқушылардың қатерлері болса, басқа оқушыға бағыттау. Жауаптарын дұрыс беруге, анықтауға жетелеу.
Дұрыс жауап берген оқушыларды мадақтау.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындату...........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 674



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі