Сабақ жоспары (ұмж): Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттың агрегаттық күйлері
Сабақ тақырыбы: Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.5 – молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау;
8.3.2.13 – заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;
8.3.2.14 – су буының мысалы негізінде қанығу күйін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• булану, қайнау және конденсация құбылысын сипаттау;
• заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;
• қаныққан бу және қанықпаған бу ұғымдарының физикалық мағынасын түсіну.

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу. Балқу және қатаю процесі бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Зат бір агрегаттық күйден екінші агрегаттық күйге өткенде болатын процестерді сипаттайды
Температурасы өзгереді
Ішкі энергиясы өзгереді
Күйі өзгереді
Молекулаларының орналасуы өзгереді
Пішіні өзгереді .
Оқушылардың жауаптарын ескере отырып, кері байланыс ұйымдастыруға болады.
2. Ой қозғау. Суреттен қандай процессті байқауға болады? Оқушылардың ойларын тыңдау.

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
• булану, қайнау және конденсация құбылысын сипаттау;
• заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;
• қаныққан бу және қанықпаған бу ұғымдарының физикалық мағынасын түсіну.
4. Түсіндіру. Мұғалім тәжірибе көрсетеді. Оқушылар көрсетілген тәжірибеге қорытынды жасайды.
Қайнаудың қандай факторларға байланысты екенін анықтау және қорытынды жасау.
1) Май мен судың қайнауын бақылау
2) Массалары әр түрлі суды қайнатып қайнау уақытын анықтау
3) Қыздырғыш плитада массалары бірдей суды әр түрлі жылу бере отырып қайнау уақытын анықтау.
Бағалау критерийлері:
1. Қайнау процесін біледі,процесті түсінеді
2. Тәжірибеге қорытыды жасай алады.
Оқушылар әр түрлі заттардың қайнау температуралары әртүрлі, массасы жоғары сұйықтың қайнау уақыты ұзағырақ және жылу көбірек берілген сайын қайнау тез жүретінін түсінулері тиіс. Мұғалім кері байланыс бере отырып тәжірибе нәтижесіне жалпы қорытынды жасайды.
Топтық жұмыс. Кебу( булану) процесі неге тәуелді екенін зерттеу және қорытынды жасау.
1-топ Буланудың сұйық тегіне тәуелділігін зерттеу

2-топ Булану жылдамдығының температураға тәуелділігін зерттеу

3- топ Буланудың сұйықтың еркін бетінің ауданына тәелділігін зерттеу

4-топ Буланудың желге тәуелділігін зерттеу

Бағалау критерийлері:
1. Кебу процесін біледі;
2. Тәжірибеге талдау жасай алады.
Мұғалім жұмыс нәтижесін ескере отырып кері байланыс үйымдастырады. Оқушылар булану және конденсация процессін сипатап, оның неден тәуелді екенін және қайнау мен кебудің айырмашылығын білуі тиіс..........


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle