Сабақ жоспары (ұмж): Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу 1-сабақ (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу 1-сабақ (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.1.3 редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттарды зерттеу және анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
тәжірибелік жолмен ерігіш және ерімейтін қаттарды анықтай алады.
нұсқауларды қатаң сақтай отырып, ерігіш және ерімейтін қанттарды сапалы анықтайды.
Көптеген оқушылар:
тәжірибе кезінде болатын химиялық реакцияларды түсіндіреді.
Кейбір оқушылар:
жүргізілген тәжірибелерге бағалау беріп, оларды сандық қатынаста пайдалануды ұсына алады.

Ұйымдастыру. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқыту мақсаты тақтаның сол/оң жағына орналастырылады.
(Ұ) Глюкоза мен сахарозаның диаграммалары кіреберістегі тақтаға орналастырылады. Оқушыларға осы диаграммалардың көшірмелері таратылады және бейнеленген элементтердің құрамдас бөліктерін 2 минут ішінде белгілеу сұралады. Оқушылар тақтада осы диаграммалармен жұмыс істейді.
(f) Проекторға глюкоза мен сахароза бейнесін шығарыңыз, оқушылардың диаграммамен жұмысы тексеріледі.

(М) Осы сабақтың мақсаты редуцияланатын және редуцияланбайтын қантты анықтау үшін бірнеше тәжірибе жүргізу екенін айтады.
(М) Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттар туралы және неліктен редуцияланатын қант реакция беретінін түсіндіру.
Оқушылар элементтердің қайсысы редуциялайтын, ал қайсысы редуцияланбайтын болып табылатынын анықтайды.
«Clinistix» тест жолақтарын пайдалана отырып, глюкозаның редуциялану қабілетін көрсетеді. Тест жолақтары сахароза тәрізді редуцияланбайтын қанттармен жұмыс кезінде боялмайтынын білдіреді.
(Ұ) Зертханалық жұмыс.
(М) Қажетті заттарды көрсетіп, тәжірибені жүргізу барысын пысықтау.
@= қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға назар аударылады.
Зертханалық жұмыстың мақсаты мен болжамын жазады. Айнымалыларын анықтап жазады.
(К) Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттармен тәжірибені орындау туралы қысқа бейне көрсету.
Осы білімдерді қолданумен, біріншіден, әр түрлі моносахаридтерде пайда болатын түстің өзгеруін, екіншіден, глюкозаның әр түрлі концентрацияларына аталған мерзімнен кейін алынған түсті белгілей отырып, қанттың азаюын Бенедикт тесті арқылы зерттей алады.
(Ж) Оқушылар жұпта жұмыс істейді және нұсқауларды сақтай отырып, алынған нәтижелерді жазады
Оқушылар тәжірибені орындау басталмас бұрын, 10 см аралықпен түс өзгерісін жазу үшін кесте дайындаулары керек.
1 кесте. Түрлі көмірсулардың ерігіштігі

Сынауықтар № 1 крахмал 2 глюкоза 3 фруктоза 4 сахароза
Сүзілген сынауықтағы түсі...........


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!

  • 0


Комментарии для сайта Cackle