Нәруыздардың денатурациясы және ренатурациясы (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

 Нәруыздардың денатурациясы және ренатурациясы (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: Нәруыздардың денатурациясы және ренатурациясы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: • 10.4.1.5 нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
Нәруыздың құрамы мен құрылымын жіктей алады.
Нәруыздың сипаттамасы бойынша қызметін анықтай алады.
Ораторлық қабілетін таныта отырып, нәруыздың құрылымы, қызметі бойынша еркін айта алады.

Ұйымдастыру кезеңі
Миға шабуыл
Кілт сөздермен жұмыс
Кілт сөз беріледі, кілт сөздің мағынасын ашу үшін суреттер көрсетіледі. Оқушы кілт сөз бен суретті сәйкестендіріп, мағынасын ашу қажет.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.
Тапсырма-1. Listening time Тыңдалым уақыты
Берілген сілтемедегі бейнероликті тыңдап отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақтар:
1.Нәруыздар химиялық құрылымы жөнінен ....................................... жатады.
2. Нәруыздың құрамына .......... жағдайындағы амин қышқылы кіреді.
3.Нәруыздар құрамына қарай:.................және ................. деп бөлінеді.
4.Жай нәруыздарға:........................,.....................,
.........................,.......................... жатады.
5.Күрделі нәруыздарға: .....................,
.........................,.......................... жатады.
Жауап:
1.Гетерополимер
2.А (альфа)
3.Жай, күрделі
4. Альбуминдер, глобулиндер, протоаминдер, гистондар
5.Фосфопротейдтер, хромопротейдтер, нуклеопротейдтер
Тапсырма-2. Reading time Мәтінмен жұмыс(мәтін мен тапсырма қосымша 1 берілген).
Нәруыздың құрылымы және құрамы бойынша) Мәтінді оқи отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақтар қабырғада ілінеді. Оқушылар кластағы қабырғалардан сұрақтарды тауып, жауабын жазады.
Жеке жұмыс (өзін-өзі және жұптық бағалау)
Тапсырма -3. Модельдеу.
Топтық жұмыс (Топтық бағалау)
Оқушылармен бірлесе отырып, бағалау критерийлерін құрастыру.
Инсулиннің модельін құрастыру.
Модельді жасаудың нұсқаулығы:
Сыныпқа молекулаларды өзара «қосу» және өз кітаптарына жапсыру үшін желім жолақтар қажет.
Оқушыларға әр түрлі түсті қатты қағаздар төрт лента тарату, шамамен 1 x 25 см.
Модельді жасау әдісі:
Бірінші ретті құрылым: жолаққа амин қышқылдарын блоктармен салып, бояңыз. Кері жағына «ковалентті байланыс» деп жазыңыз.
(Қосымша жұмыстың нұсқасы:радикалдары «R» деп белгіленген амин қышқылдарының жалпы формуласын пайдаланып аминқышқылдарының тізбегін жасаңыз және белгілеңіз)
Екінші құрылым: жолақтарды бұраңыз немесе гармошка сияқты бүктеңіз. -С=О және -N-Н топтары арасындағы сутектік байланысты көрсетіңіз.
Үшінші құрылым: бұралған немесе гармошка тәрізді бүктелген жолақтарды бір-біріне қойыңыз
Төртінші құрылым: Басқа үш жолақ үшін алдыңғы қадамдарды қайталайды, бірақ үшінші құрылымды жапсырған кезде, оларды бір-бірімен қосыңыз. Нәтижесінде ақуыздың моделін аласыз!
Сергіту сәті
Көз жаттығуларын жасау
Тапсырма-3. Writing time
1.Деңгейлік тапсырмалар. Жауабын табыңыз.Жеке жұмыс (өзін-өзі бағалау)
А-деңгейі Сәйкестендіруге арналған (білу және түсіну дағдысы)
В-деңгейі (талдау және қолдану дағдысы)
Нәруыздың қызметтерінің сипаттамалары беріледі, қандай қызметі екенін тауып, жауабын жазыңыз(тапсырма қосымша 2 берілген).
2. Практикалық жұмыстар (жеке жұмыс)
Нәруыздардың денатурациясына практикалық жұмыстар. Қысқаша мәлімет:
Нәруыздардың құрылымының бұзылуы денатурация деп аталады. Денатурацияға әсер ететін факторлар:
1.Температураның жоғарылауы
2.Радиация
3. Сілті мен қышқылдар
4. Ауыр металдар
5. Қысым
6. Спирт............


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 575



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі