Сабақ жоспары (ұмж): Ыдырау үдерісі. Асқорыту ферменттерінің әсері. Асқорытудағы ферменттердің маңызы. Сіңіру және бөліп шығару. (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Ыдырау үдерісі. Асқорыту ферменттерінің әсері. Асқорытудағы ферменттердің маңызы. Сіңіру және бөліп шығару. (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: Ыдырау үдерісі. Асқорыту ферменттерінің әсері. Асқорытудағы ферменттердің маңызы. Сіңіру және бөліп шығару.
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 9.1.2.1 адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау;
9.1.2.2 ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкесті ферменттердің арасындағы байланысты орнату.
Сабақтың мақсаттары: адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау;
ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкес ферменттердің арасындағы байланысты орнату.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сергіту сәті. Оқушылар шеңберге тұрады. Нұсқаулық: Австралиялық жаңбырдың не екенін білесіздерме? Жоқ? Енді оның қандай екенін бірге тыңдайық. Ендеше шеңбер бойында сіздер менің қозғалыстарымды қайталап, кезекпен орындап шығасыздар. Олар маған қайта оралғаннан кейін, мен келесі қимылға ауысамын. Мұқият қарап шығыңыз!
Австралияда жел басталды. (Жүргізуші алақандарын ысқылайды).
Жанбыр тамшылай бастады. (Саусактармен дыбыс шығару/ Клацание пальцами).
Жаңбыр күшейе бастады. (Кезекпен кеуде тұсын шапалақтау).
Нағыз жаңбыр басталды. (Бөксені шапалақтау).
Міне, нағыз дауыл, найзағай. (Аяқпен тарсылдату).
Бұл не? Дауыл басылды.(Жамбасты шапалақтау).
Жаңбыр басылды. (Кезекпен кеуде тұсын шапалақтау).
Майда жаңбыр тамшылары жерге түсе бастады. (Саусактармен дыбыс шығару/ Клацание пальцами).
Желдің нәзік сыбдыры. (Алақандарды ысқылау).
Күн! (Қолдарды жоғары көтеру).
ІІ Жаңа сабаққа шығу жолы.
Сипаттамасы: Мұғалімнің үстелінде асқазан, бауыр, ішек моделдері қойылған. Оқушыларға осы моделдерге қатысты келесі сұрақтар қойылады:
Сабақ не жайында болмақ? Бұл бөліктерді не біріктіреді? Қандай органикалық заттар болады? Органикалық заттардың адам үшін маңызы қандай? Берілген мүшелерді біріктірсек қандай мүшелер жүйесінің қызметін сипаттауға болады?
Оқушылар өз жауаптарын ұсынады.
Күтілетін жауаптар: Асқорыту жүйесі. Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ас ішек және тоқ ішек жатады.
Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты айтылады. Бағалау критерийлері талқыланады. ..........


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!

0 0


Комментарии для сайта Cackle