Сабақ жоспары (ұмж): Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың тасымалдануы
Сабақтың тақырыбы: Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты: 9.1.3.3 ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу.
Сабақтың мақсаты: •тІшкі факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу;
• Транспирация кезінде жүретін процесстерді және қандай механизмдер жүретінін сипаттау.
• Жасаған зертханалық жұмыс бойынша нәтиже шығару.

Ұйымдастру кезеңі:
-Оқушыларды түгендеу.
-Оқу жоспарына сәйкес жаңа тақырыптың мақсатын анықтау.
-Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Миға шабуыл:

(T) Транспирацияға әсер етуші ішкі факторларды талдау, тақырыпты түсіндіру.
Видеокөрсетілім

Зертханалық жұмыс №2 «Ішкі факторларды: Буландыратын беттің ауданы және бұл беттік ауданның өсімдік көлеміне қатынасының (кутикула мен лептесіктер) транспирация үдерісіне әсері».

Жұмыстың мақсаты: Ішкі орта факторларың транспирацияға әсерін зерттеу.

Құрал-жабдықтар мен реагенттер:
Барлық зерттеу әдістері үшін өсімдіктер
Кобальд хлориді қағазы
Сағат
Заттық шыны
Резеңке
Таразы
Киім бауы
Потометр (траспирометр)
Құмыралар.

Жұмыс барысы:

Жұмыс №1
Кобальт хлориді қағазын жапырақтардың үстінгі және төменгі жағына қойыңыз (әлі де өсімдік үстіндегі). Қағазды белгілеу үшін резеңкемен бекітілген бұйымдық әйнектерді қолданыңыз. Қағаз түсін өзгерткенше ұстап тұрыңыз.
Жұмыс №2
Жапырақтарды өлшеңіз; жапырақтарды әр түрлі жағдайларда орналастырыңыз; жапырақтарды «киім бауына» жайыңыз; біраз уақыттан кейін жапырақтарды қайта өлшеңіз; әр түрлі жағдайлардағы судың жоғалу көлемін анықтаңыз.
Жұмыс №3
Құмырадағы өсімдіктерді потометр көмегімен өлшеу – судың жер қыртысынан булануын болдырмау үшін құмыраларды пластик пакеттерге салыңыз; өсімдіктерді өлшеңіз; өсімдіктерді әр түрлі жағдайларда орналастырыңыз; біраз уақыттан кейін құмырадағы өсімдіктерді қайта өлшеңіз; әр түрлі жағдайлардағы судың жоғалу көлемін анықтаңыз. Бұл әдіс өсімдіктің суды сіңіру мөлшерін анықтайды.

Жұмыс №4
Көпіршікті потометр – жапырақ тармағын кесіп, оны потометрге бекітіңіз; потометр суға толы екендігіне көз жеткізіңіз; белгілі бір уақыт аралығында ауа көпіршігі капилляр түтігі бойынша қаншалықты жоғары көтерілетінін өлшеңіз; белгілі бір уақыт аралығында ауа көпіршігі капилляр түтігі бойынша қаншалықты жоғары көтерілетінін өлшей отырып, өсімдіктерді әр түрлі жағдайларға орналастырыңыз.....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle