Азық-түлік құрамындағы С дәруменің анықтау 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

 Азық-түлік құрамындағы С дәруменің анықтау 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: Азық-түлік құрамындағы С дәруменің анықтау 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.2.7 - азық – түлік құрамындағы С дәруменін анықтау
Сабақтың мақсаты: азық – түлік құрамындағы С дәруменін анықтау.

Тақырыптың өзектілігін ашу үшін оқушыларға азық-түлік өнімдерін құрамындағы С дәруменінің мөлшерін болжау тапсырмасы ұсынылады. Азық-түлік өнімі РРТ –да көрсетіледі, оқушылар ондағы С дәруменнің мөлшері көп деп ойласа орыннан тұрады. «Аз» деп ойласа орнында қалады. Оқушылардан жауаптарын негіздеу сұралады. Бұл тек болжам, ал ғылыми тұрғыда оны қалай дәлелдеуге болады екен деп жаңа тақырып таныстырылады. Бұл тапсырма зертханалық жұмыстың болжамын жасауға көмектеседі
Бағалау критерийлері талданады.

Мұғалім оқушыларға қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау жөнінде нұсқаулықтар береді.
Зертханалық жұмысты бастамас бұрын оқушылардан қолданылатын құрал-жабдықтармен танысу сұралады.
Осы құрал-жабдықтардың қайсысы қандай қатер көзі бола алады деп, қауіпсіздікті талдау қажет. Мысалы, оқушылар йод ерітіндісін атап, ол көзді тітіркендіруі мүмкін десе, оны төгіп алса киімді бүлдіреді дегенді, сынауықты атаса оның қауіптілігі орташа, сындырып алған жағдайда сынықтарын қолмен ұстамау қажет деген сияқты толықтыра отырып, кейбір қатер көздерін оқушыларға толтыру тапсырылады.

Бюреткамен жұмыс бірінші рет жасалатын болғандықтан онымен жұмыс жасауды түсіндіру үшін көрсету қажет.
Жұмыс барысын мұқият оқып шығу тапсырылады.
Жұмыс барысы түсініксіз болған жағдайда видеоматериалды көр сетуге болады.
Әсіресе есептеу жолдарына тоқталу жөн......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 544



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!