Сабақ жоспары (ұмж): Полимерлер мен мономерлер 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Полимерлер мен мономерлер 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология
Сабақ тақырыбы: Полимерлер мен мономерлер 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.4.1.1 биологиялық мысалдарды пайдаланып полимерлер және мономерлер арасындағы айырмашылықты сипаттау
Сабақ мақсаттары: - Полимер және мономер ұғымдарын түсіну;
- Полимерлер мен мономерлердің айырмашылығын түсіндіру;
- Полимерлер мен мономерлерге мысалдар келтіру.

Оқушыларға 1-слайд көрсетіліп,
Жасуша мембранасы арқылы қандай заттар өте алады, қандай заттар өте алмайды? сұрағы талқыланады. Осы сұраққа бүгінгі сабақта жауап аламыз. Оқушылар жасуша макромолекулаларды қабылдай алмайды деген қорытынды шығару үшін осы тақырыптың қарастырылып жатқанын түсінсе жеткілікті.

Мұғалім таныстырылым арқылы шағын түсіндірме жасайды. Онда мономер және полимер ұғымдарына анықтама беріліп, полимерлер мен мономерлердің мысалдары аталады. Оқушылардан сабақтың не туралы екені сұрала отырып, сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлері анықталады.

Оқушылар 2- слайдтан және өздеріндегі жұмыс парақтарынан сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқып танысады.
Полимер мен мономердің айырмашылығын түсіну үшін оқушыларға шағын тәжірибе жасау ұсынылады.
Мұғалім:

Тәжірибе барысында көзілдірік пен халат, қолғап кию қажет. Көзілдірікті неліктен кию қажет? Қандай ерітінді киімге төгілсе оны бүлдіруі мүмкін? Ерітіндіні иіскеуге бола ма? Көзге немесе қолға ерітінді төгілсе не істеу керек? ... Оны тез арада мол сумен шаю қажет... деп қауіпсіздік ережелерімен таныстырады.

Диализ түтікшесі жасуша мембранасының үлгісі ретінде қолданылады. Мембрана арқылы қандай заттың өтіп, қандай заттың өте алмайтынын тексеріп көрейік. Осы екеуінің қайсысы мембранадан өте алады деп ойлайсыздар?
Неліктен? Жұмыс парақтарыңызға болжам жазудан бастаңыздар деп оқушылар глюкоза мен крахмалдың қайсысы мембранадан өте алатынын болжап жазады......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle