Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

 Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.2.1 Омыртқасыздар (жауын құрт) мен күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру
Сабақтың мақсаты: Омыртқасыздар (жауын құрт) мен күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру;
Жануарлардың асқорыту жүйелеріндегі ерекшеліктердің себептерін түсіндіру.

Оқушыларға «Ағзалар асты не үшін қорытады?» сұрағын талқылау ұсынылады. Бұл сұрақ арқылы оқушылар астың ағзаға сіңірілу үшін қорытылатынын түсінеді. Оқушылар астың ағзаға сіңетіндей түрге өзгеруі асқорыту жұмысының нәтижесі деген қорытындыға келеді. Оқушылар астың түріне байланысты асқорыту жүйелері де әртүрлі деген қорытынды шығару үшін, астың қорытылуы әр ағзада бірдей ме деп сұрау дұрыс. Жауапты қорек түріне байланысты асқорыту жүйелерінің құрылысы да әртүрлі деген қорытындыға қарай бағыттаған жөн.

Осы талқылаудан шығарылған қорытынды бойынша «сонымен бүгін не туралы өтеміз?» сұрағы арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Асқорыту жүйесі туралы нені білу қажет сұрағы арқылы сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушылар топтарға бөлініп, әртүрлі жануарлардың асқорыту жүйелерін зерттейді. Ол үшін оқушыларға РРТ, ақпарат парақшалары сияқты әртүрлі ресурстар ұсынылады. Кейбір оқушыларға мүмкіндік болған жағдайда асқорыту жүйесі мүшелерінің жұмысы туралы видеоматериалдар ұсынуға болады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар асқорыту жүйелерінің түрлерімен танысып, ақпарат жинақтайды.
Әр топқа ұсынылған асқорыту жүйелері типтерін сипаттау үшін қажетті критерийлер ұсынылады.
Олар:
- асқорыту жүйесінде орналасқан мүшелерді атау;
-әр мүшеде жүрілетін процессті атау;
- мүшенің құрылыс ерекшеліктерін жануардың қорек түрімен байланысын түсіндіру.
1-топ. Шұбалшаңның асқорыту жүйесі
2-топ. Сиырдың асқорыту жүйесі
3-топ. Адамның асқорыту жүйесі........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 248



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!