Органикалық заттар: көмірсу, май, нәруыз (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

 Органикалық заттар: көмірсу, май, нәруыз (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су және органикалық заттар
Сабақ тақырыбы: Органикалық заттар көмірсу май нәруыз
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: Оқушылар орындай алады:
Органикалық заттар түрлерімен танысу
Тағам құрамындағы нәруыз, май, көмірсулардың бар екендігін анықтап, дәлелдеу
Сабақ мақсаттары: • Азық-түлік құрамында кездесетін органикалық заттар түрлерін анықтайды.
• Азық-түлік құрамындағы органикалық заттардың болуын анықтайтын тәжірибелер орындайды.
• Оқушылар жасалған тәжірибе негізінде нәтижені берілген нұсқаулық картаға толтырып, қорытынды жасайды.

Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Сәлемдесу
(ТЖ, Т) Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін оларға азық-түлік өнімдерінің атаулары үлестіріліп беріледі және оларды құрамындағы органикалық заттардың болуына байланысты топтастыру керектігі сұралады.
Осы тапсырма арқылы оқушылардың өткенді еске түсіруіне және бүгінгі сабақпен байланыстыруына мүмкіндік болады.
Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, мұғалім тақтада дұрыс топтастырылған жауабын көрсетеді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау ...
(Т, ЖЖ) Нәруыз, май және көмірсулардың жақсы көздері болып табылатын өнімдер мысалдарын алу үшін сауалнама құрастырады. Сөйтіп жұптарымен алмасып сұрап шығады.
• Диетаны және әртүрлі өнімдердің құрамдастары неге негізделеді?
• Олардың жақсы көз болып табылатынын қайдан білеміз?
• Оны зертханада қалай дәлелдей аламыз?
сұрақтарын қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықтап алынады.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты тақтада көрсетіледі.
Сонымен, «Сіз не білесіз?» сұрағымен талқылауымызды жалғастырамыз:
• Биологиялық зертханада қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз тиіс?
(оқушылар 1мин ішінде дәптерлеріне өздері білетін ережелерді жазады).
Сосын кезекпен оқушылар өз ережелерін оқиды. Мұғалім оқушылардың ойларын реттеп, нақты ережені ұсынып отырады. Барлық ережені дұрыс әрі толық орындауына байланысты «басбармақ» әдісі арқылы бағаланады.

(Т) Жаңа сабақ туралы қысқаша түсінік берілген соң, оқушыларға бүгінгі жұмысқа арналған нұсқаулық КАРТА таратылып беріледі (қосымша 1):
Оқушылар нұсқаулықты оқып болған соң, не жасау керек екендерін баяндайды:
1. Сонымен, не жасаймыз?
2. Қандай заттар қажет екен?
(ЖЖ, Э) Оқушылар азық-түлік өнімдерінде нәруыз, көмірсу мен майлардың болуын анықтауға жұптаса отырып бірнеше эксперименттер орындайды. Олар картофельдің түйнегін көмірсулардың болуына тексереді, ұнның құрамында нәруыздың болуын және күнбағыс тұқымының құрамында майлардың болуын тексереді.
Жұмысты орындау барысында оқушылар тағам өнімдерінде органикалық заттардың негізгі топтарының болуын анықтайды.
Жұмыс қорытындысын (байқалған нәтижені) нұсқаулық картаға толтырып отырады:
Іс-әрекет Бақылау Қорытынды
Көмірсу Шикі картоптың бөлігіне бірнеше тамшы йод ерітіндісін тамызыңыз
Нәруыз Екі ас қасық ұн (20г) салынған стаканға жарты стаканға жуық (40мл) су құйыңыз, сосын шыны таяқшамен мұқият араластырыңыз.
Май
Фильтр қағазына күнбағыстың бірнеше тұқымын қабығынан тазартып салыңыз. Қағазды екіге бүктеп, қатты уқалаңыз.

(Ж) Бағалау дескрипторы:
Органикалық заттар √
1 Көмірсудың барын дұрыс анықтайды
2 Нәруыздың барын дұрыс анықтайды
3 Майдың бар екендігін дұрыс анықтайды

* Тәжірибені жасау барысында аталған заттарды дұрыс анықтаса, «√» белгісін қою арқылы бағалау жүргізеді.
(Ж) Сабақты қорытындылау ...
Оқушылар азық-түлік өнімдерінде органикалық заттардың болуына тірек-сызба құрастырады.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 488



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!