Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалар патшалықтары (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалар патшалықтары (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көп түрлілігі
Сабақ тақырыбы: Тірі ағзалар патшалықтары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Прокариоттар, протистер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар патшалықтарына сипаттама беру
Сабақ мақсаттары: Патшалықтарға бөліну себебін түсіну
Патшалықтарға тән ерекшеліктерді анықтау
Патшалықтар арасындағы ерекшеліктерді сипаттау.

(Ұ) Таксондардың атауы жазылған таратпаларды беру Мысалы: патшалық, тип, отряд, тұқымдас, туыс, түр. Патшалық туралы алғашқы білімін еске түсіруін сұрау.
(Ж) Оқушыларға бес патшалыққа жататын ағзалардың суреттерін (прокариоттар, протистер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар) беру. Суреттерді топтауын сұрау. Қандай топтарға бөлгенін және не себепті
олай бөлгенін түсіндіреді.(Оқушылар қате айтуы да мүмкін. Алайда түзетудің қажеті жоқ) Оқушыларды бес топқа бөлу. Әр топ патшалықтар жазылған карточкаларды таңдайды.
(Тж) Әр топ мәтін арқылы бір патшалыққа тән ерекшеліктермен оқып танысады және сол патшалық өкілдерінің суреттерін пайдаланып таныстыру әзірлейді
Топтағы жұмыс критерийі
Топта бірлескен сұхбат жүргізеді
Патшалыққа жататын ағзалармен танысады
Патшалыққа тән ерекшеліктерді анықтайды
(Тж) Барлық топ жұмыстарын тақтаға іледі.
Галерея әдісін пайдаланып,сағат тілімен басқа топтардың жұмысымен танысып, өздеріне ақпарат алады және оны дәптерлеріне жазады.
Топтардың жұмысына стикер жапсыру арқылы берілген критерий негізінде бағалайды.
Топтың жұмысын бағалау критерийі
Патшалыққа тән ерекшеліктерді сипаттайтын толық ақпарат берілген
Постердегі жазу оқылатын, көзге жағымды
Тапсырма түсінікті суреттелген

(Тж) Алдыңғы бөлінген суреттеріне қайтып келеді. Суреттерді қайта бөледі және не себепті олай бөлгенін түсіндіреді.

Өздерінің алдыңғы білімі мен сабақ соңындағы ойларын салыстырады........


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle