Сабақ жоспары (ұмж): Сараптамалық жүйелер (Информатика, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Сараптамалық жүйелер (Информатика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі замандағы үрдістер.
Сабақтың тақырыбы: Сараптамалық жүйелер
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.3.2.1 жасанды интеллект және сараптамалық жүйелер туралы пікірталас (анықтамасы, қолдану саласы)
Сабақтың мақсаттары: - жасанды интеллект және сараптамалық жүйелер не екенін білу;
- жасанды интеллект және сараптамалық жүйелер қолдану салаларын білу.

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушылардың санын тексеру.

Білімді өзектендіру кезеңі
Тақтада орыс және ағылшын тілінде төрт түсінік ұсынылған. Оқушылар түсініктерді сәйкестендіріп дәптерге жауаптарын жазады.
Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар жауаптарын тақтада берілген жұрыс жауапатарымен салыстырады.
Мұғалім сұрақ қояды: Берілген сөзтіркестерін қолдана отыра қандай жаңа сөздерді жасауға болады? (2-4 оқушының жауаптарын тыңдау).
Талқылағаннан кейін мұғалім тақтаға 2 сөзтіркесті шығарады: жасанды интеллект және сараптамалық жүйе. Мұғалім оқушылардың назарын осы екі сөзге бағыттайды себебі бүл сөздерді осы сабақ барысында жақсы түсінуіміз керек.

Сабақтың тақырыбын және мақсатын жариалау:
Мұғалім сабақтың мақсаты мен және бағалау критерийлері мен таныстырады.
Әңгіме:
Мұғалім сыныпқа сұрақ қояды: Интеллект дегеніміз ол не? осы сөзді сіздер қалай түсіндіре аласыздар? (оқушылар өз еріктерімен сұраққа жауаптарын береді). Мүмкін, талқылауды өзектендіру үшін сабаққа қызығушылықтары өз ара көбірек оқушылардан сұрау).

Мұғалім тақтаға Интеллек сөзінің анықтамасын шығарады. Оқушылар өз еріктері бойынша анықтаманы оқыйды (0,5-1 мин анықтаманы түсініге және ойлану үшін уақыт береді).
Берілген анықтаманың негізінде мұғалім Жасанды интеллект түсінігін түсіндіруді сұрайды. оқушылардың жауаптарын тыңдап тақтаға ЖИ анықтаманы шығару.

Топқа бөлу: әр оқушы суреттің бір бөлігін алады. (пазл методын қолдану). Оқушылар тақтада берілген үлгіге қарап жинайды.
Жалпы үш топ жиналу қажет. .

Топпен жұмыс:
1) Жасанды интеллект өз құрамына нені кіргізеді?
Жасанды интеллект ке нені жатқызуға болады?
2) Сараптамалық жүйелер дегеніміз не. Мысалдар келтіру. Қолдану артылықшылықтары? Сараптамалық жүйелер неден тұрады?
3) Сараптамалық жүйелер қолдану салалары. ЖИ қолданудың мысалдарын келтіру, ол адамға қалай көмектеседі?
Топпен жұмыс жасау барысында оқушылар өз еркіндері бойынша жұмыстарын ұсыну түрін анықтайды (схема, кесте, постер ж т. б.). Сонымен қатар топтаға рөлдерін таңдайды: дизайнер-құрастырушы, корректор, оратор, деректер көзі.
Мұғалім тақтаға таймерді шығарып оқушылардың уақыттарын үнемдеуге көмектеседі.

Топтық жұмыстарды қорғау:
Әр топқа өз жүмысын ұсынуға және талқылауға 3 мин ауақыт беріледі.
Формативті бағалау:
Оқушылар жұмыстарын қағазда жасайды. Үш тапсырма беріледі жауаптарын қысқа және толық қажет ететін сұрақтара жауап береді.
Рефлексия:
Оқушылар сұрақтарға жауаптарын береді:
1. Бүгін мен өзім үшін жаңа нәрсені үйрендім
2. Сабақта маған жаңа ештеңе болған жоқ.
3. Қазір мен ЖИ және СЖ дегеніміз не екенін білемін.
4. Сабақ материалын толық түсінбедім сабақтан кейін маған көмек керек.
5. Егер сұрақтарыңыз болса, басқаларға көмектесе аламын сабақтың тақырыбы бойынша.

Мұғалімге осы көріністі онлайн-сауалнама, мысалы, Google-нысандары арқылы жүргізу ұсынылады. Егер мүмкіндік болмаса, онда рефлексияны ауызша орындауға болады..........


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle