Сабақ жоспары (ұмж): Компьютерді қалай таңдауға болады? 1-сабақ (Информатика, 9 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Компьютерді қалай таңдауға болады? 1-сабақ (Информатика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютерді таңдау
Сабақтың тақырыбы: Компьютерді қалай таңдауға болады? 1-сабақ
Сабаққа қол жеткізуге көмектесетін оқу мақсаттары: 9.1.2.1 - компьютер конфигурациясын қолдану мақсатына қарай таңдау
9.3.1.1 - процестердің моделдерін кесте арқылы (физикалық, биологиялық, экономикалық және т.б.) әзірлеу және зерттеу
Сабақ мақсаттары: Бұл сабақта окушылар қолдану мақсатына қарай компьютерді қалай таңдауға, сипаттамаларын анықтауға, әр құрылғының маңыздылығын түсінуге және электронды кестедегі компьютердің жалпы құнын есептеуге үйренеді.

1. Ұйымдастыру сәті
Сәлемдесу. Оқушыларды журналда тіркеу.
2. Қайталау
Мақсаты: «Компьютер архитектурасы» өткен тақырыбынан осы сабақтын тақырыбына шығу
Нұсқаулар
(И)Суретте көрсетілген құрылғылардың атауын атаңыз. Оқушылар кезекпен кезек атауларын қазақша, орысша, ағылшынша баяндайды.
(Сіз CLIL-ды іске асыру үшін осы терминдерді бірінші реттен ағылшын тілінде де бере аласыз.)

Жұппен жұмыс істеу
Түсіндіріңіз
Таңдалған құрылғыны және оның мақсатын парталасыңызға баяндаңыз.

Осы тапсырма арқылы сабақтың тақырыбын және мақсатын атау үшін оқушыларға түрткі боласыз.

Студенттер сабақтың тақырыбын ашады: компьютерді қалай сатып алуға болады, қандай компоненттер ерекше назар аударуды қажет етеді. Мұғалім:
Бүгін сабақта келесі сұрақтарға жауап беруіміз керек:
1. Компьютерді сатып алғанда ең маңызды компьютерлік құрылғылар қандай?
2. Сатып алу кезінде компьютерлік құрылғылардың қандай сипаттамаларын білу қажет?
3. Сіздің қажеттіліктеріңіз бен мүмкіндіктеріңізге сәйкес компьютердің құрамын қалай дұрыс анықтау керек?

Сабақ барысы зерттеу жұмысы түрінде өткізіледі

Компьютер құрылғыларының негізгі сипаттамалары арқылы (сөздердің қиындылары біріктіру) топқа бөлу

Зерттеу жұмысының нәтижесін, барлық қадамдардың орындалу реттілігін баяндау үшін:
• презентация дайындау (3 слайдтан кем емес)
• есеп дайындау (Excel бағдарламасында)

I қадам – конфигурация таңдау;
II қадам – құрылғылардың толық құрамын дайындау (қосымша құрылғылармен қатар);
III қадам – ДК қолданылуы жөнінде толық мәлімет беру

Оқушыларға орыс тіліндегі қалыптастырушы бағалау үлестіріледі. Сол бойынша оқушы өз бетімен зерттеу жұмысын жүргізе бастайды
Әр топ өздері орындаған алгоритм реттілігі бойынша дескриптор құрастырып, сол арқылы бірін бірі бағалайды.

Бір тіркесті таңдап, ары қарай жалғастырыңыз:
• Мені ..................... жауаптары таңғалдырды
• Мен өзіме ......................... жаңа нәрселерді жинадым
• Маған ........................... ұнады.........


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle