Сабақ жоспары (ұмж): Ақпаратты өлшеу тәсілдері 1-сабақ (Информатика, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Ақпаратты өлшеу тәсілдері 1-сабақ (Информатика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары
Сабақ тақырыбы: Ақпаратты өлшеу тәсілдері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.1.1 ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдану
Сабақ мақсаты: Ақпараттың көлемін анықтау үшін алфавит тәсілін қолдану.

1. Миға шабуыл: Сыныпқа сұрақ
Ақпараттың көлемін қалай өлшеуге болады?
Оқушылардың жауаптары талқыланады.
«38 тотықұс» мультфилімін еске түсіреді.
Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырады.

2. Топтық жұмыс
Сыныпты 2 топқа бөлу. Әр топқа таратпа материалға сүйене отырып постер жасау ұсынылады. Әр топ өзінің постерін келесі топтың алдында қорғайды.

3. «Қорытынды шеңбер» ойыны
Сыныпты 2 топқа бөліп, ішкі және сыртқы шеңбер жасау сұралады. Алдымен сыртқы шеңбер мүшесі сабақтың негізгі ұғымдары туралы сұрақтарды ішкі шеңбер мүшесіне қояды. 1 минуттан соң рөлдері ауысады. Келесі минутта сыртқы шеңбер мүшелері сағат тілі бойынша бір адамға ауысып, алдыңғы әрекетті қайталайды. Ойын шеңбердің жаңа мүшесі аяқталғанша жалғаса береді.

4. Қалыптастырушы бағалау.
Оқушыларға есептер таратылып беріледі. Алдымен жекелей орындалу қадағаланып, соңынан нәтижемен бөлісу қажет.

Дескрипторы:
• Алфавит қуатын таба алады
• Бір парақтағы символдардың санын анықтай алады
• Құжаттағы парақ санын таба алады .........


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!

1 0


Комментарии для сайта Cackle