Жүктілікке дейінгі дайындық: 10 кеңес

Жүктілікке дейінгі дайындық: 10 кеңес

Қыз бала оң босағасын аттап, отбасын құрғаннан кейін ана атануы — табиғаттың заңы. Дейтұрғанмен, ана болу бақытының барлық әйелге бірдей бұйыра бермейтіні бар. Жастайынан денсаулыққа деген немқұрайдылық кейін уақыт өте келе бала көтермейтін бедеулікке алып келетінін қыздарымыз естерінен шығармаса екен дейміз.

Өмірде адам қандай да бір жетістікке немесе мәртебеге жету үшін көп еңбек етіп, талай тер төгетіні мәлім. Түрлі дайындықтар мен сынақтардан сүрінбей өткенде ғана діттеген мақсатына қол жеткізетіні сөзсіз. Дәл осы қағида сияқты ана мәртебесіне ие болу үшін де қыздарға көбірек жауапкершілік жүктеледі. Ана атану үшін қандай нәрселерге назар аудару керек?, нендей мәселелерге көбірек көңіл бөлген жөн? осы сияқты сұрақтарға барынша дұрыс әрі нақты жауап іздеуге тырысып көрсек.

Жүктілікке дейінгі дайындық болашақ нәрестенің денсаулығына өзіндік әсерін тигізбей қоймайды. Дені сау баланы дүниеге әкелу үшін болашақ ананың да денсаулығы қалыпты жағдайда болуға тиіс.жүктілікті жоспарлау

Қыз баланың денсаулығы жастайынан бастап қадағаланады. Жылы киіну, суық судан аулақ болу, аяқ-қолды жылы ұстау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, жеке гигиенасына көңіл бөлу сынды алғышарттар болашақ ананың денсаулығына міндетті түрде оң ықпалын тигізеді. Төменде жүктілікке дейінгі дайындық жұмыстарының 10 шарты көрсетілген.

1. Қан құрамындағы фолий қышқылының жеткілікті болуы болашақ аналар үшін өте пайдалы. Сол үшін де жүктілік байқалған кезде дәрігерлер көбінесе фолий қышқылын пайдалануға кеңес береді. Адам организміндегі фолий қышқылының жүктілікке дейін қажетті мөлшерінде болуы ұрықтану процесін мейілінше тездетеді. Күнделікті тамақтану барысында ас мәзіріне көбірек ет, сүт, жеміс-жидек өнімдерін пайдаланған жөн. Сәбіздің, әсіресе, сәбіз шырынының адам денсаулығы үшін берері көп.

2. Жаман әдеттерден, нақтырақ айтар болсақ, темекі, ішімдік өнімдері, есірткі заттарынан алыс жүру керек. Зерттеулерге сүйнетін болсақ, мұндай өнімдерді тұтынған әйел ағзасы әлсіздеу келеді. Бойға бала біткенімен, олардың денсаулықтары бір қалыпты болады деу қиын. Ішімдік пен темекі пайдаланатын әйелдер арасында түсік тастау оқиғалары көп кездесетіні де сондықтан.

3. Кофеиннің адам денсаулығы үшін зиянды екенін ескергеніміз жөн. Себебі кофеин қан құрамындағы темірдің тиісті деңгейінде болуына кедергі жасайды. Онымен қоса, іштегі баланың дамуына зиянын тигізеді. Сол үшін күнделікті өмірде кофе, кола сынды сусындарды аз пайдаланғаннан ұтпасаңыз, ұтылмайсыз. Бұл сусындарға әбден құмартып қалған жандар үшін кофеиннен бірден бас тарту қиынға соғуы әбден мүмкін. Сондықтан ақырындап олардың мөлшерлерін азайту керек.

4. Дене салмағының қалыптан тыс болуы немесе өте арық болудың да жүктілікке әсері болады. Адамның дене салмағы неғұрлым өзіне лайық болған сайын организмнің жүктілікке деген бейімі де солғұрлым жоғары болады.

5. Тамаққа таза әрі пайдалы өнімдерді тұтынған абзал. Жоғарыда, бірінші пунктте аталған өнімдерге қоса теңіз өнімдерін де ас мәзіріне енгізу керек. Майлы, қуырылған, ысталған тамақтардан тиісінше бас тартқаныңыз өзіңізге жақсы. Олар қанның қоюлануына әкеп соғады. Ал қан қоюланса ұрықты қабылдау процессі жақсы жүрмейді деген сөз.

6. Күнделікті дене шынықтыру жұмыстары сізге өте пайдалы. Бұлшықеттер мен буындарға арналған жаттығулардың сіздің қан айналымыңызға тигізер пайдасы мол. Аптасына 2-3 рет міндетті түрде спортпен айналысқаныңыз жақсы.

7. Ауыз қуысының гигиенасына назар аударыңыз. Ауыз қуысындағы бактериялар белгілі деңгейде баланың ми қабыршықтарының дамуы мен тамақтану процестеріне кедергі келтіреді. Жүктілікке дейін 6 ай бұрын міндетті түрде тіс дәрігерлеріне қаралғаныңыз сізге жақсы болмаса, жаман болмайды.

8. Тұқым қуалаушылық ауруларынан сақ болу. Қыз бен жігіттің ататектеріндегі ауруларға көңіл бөлген жөн. Қазағымыз бұрыннан бері жастарды отастыру кезінде бір-бірлерінің ататегіне мұқияттылықпен қараған.

9. Жүктілікке дейін 6ай бұрын гинекологқа қаралғаныңыз абзал. Дер кезіндегі көрсетілген ем-домдар сіздің және болашақ сәбидің денсаулығына міндетті түрде жақсы әсер етуі тиіс.

10. Ер азаматтың денсаулығы да аса маңызды. Олардың ішімдік, темекі, есірткі өнімдерінен аулақ болуы ұрықтың сапасына тікелей әсер етеді. Ерлердің жеке гигиеналары, жыныстық ауруларының болмауы — болашақ ана мен нәрестенің денсаулығына кепілдік беретін маңызды факторлардың бірі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі