Ғаламтормен жұмыс жасау кезінде болатын қауіптер (Информатика, 5 сынып, I тоқсан)

 Ғаламтормен жұмыс жасау кезінде болатын қауіптер (Информатика, 5 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер және қауіпсіздік
Сабақтың тақырыбы: Ғаламтормен жұмыс жасау кезінде болатын қауіптер
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.4.2.1 бөтен жұмыстарды көшіріп алудың заңсыздығын талқылау
5.2.2.1 басып шығару үшін құжаттарды тиімді ұйымдастыру (парақтың бағдарын, параметрлерін орнату, алдын ала қарап шығу)
Сабақтың мақсаттары: Ғаламторды қолданудың қауіпсіздік ережелерін меңгеру.
Ғаламторда пайда болатын жағымсыз және қауіпті жағдайларды шешу мүмкіндіктері туралы білім деңгейін көтеру. Ғаламтор желісін қолдану кезінде қауіпті жағдайларды бағалау дағдыларын қалыптастыру.

(К) Ғаламтор: пайдалы ма, зиянды ма?
Бұл жатығу тақырыпқа шығу үшін кіріспе болып табылады және қатысушылардың ғаламтор желісінде әр түрлі ресурстарды қолданудың оң тәжірибесін өзекті етеді.
Жаттығу шеңберде өткізіледі. Жүргізуші (мұғалім) ешқашан ғаламторды қолданбаған, ол туралы естімеген, алайда ғаламторда қызықты және пайдалы нәрселер бар екендігіне күмәнданатын адамның рөлін ойнайды. Жүргізуші қатысушылардан оның қателесетіндігін айтуды өтінеді. Міндетті шарттар: дәлелдер қайталанбауы тиіс және мына фразадан басталғаны жөн: «Сіз ғаламтордан ... таба аласыз».
Жүргізуші жаттығуды бастайды. Қолына допты алып, «Менің ойымша ғаламторда қызықты және пайдалы ештеңе жоқ» деп айтады. Әрі қарай жүргізуші допты басқа қатысушыға лақтырады, допты қағып алған оқушы ғаламтордың пайдалы екендігіне дәлел келтіреді. Сөзін «ғаламторда Сіз ... таба аласыз» деп допты жүргізушіге қайта лақтырады. Жүргізуші допты келесі қатысушыға лақтырады. Ойын барлық қатысушы дәлел келтіргенде аяқталады.
(Т) «Бейтаныс достар»
Әрбір топқа жағдаятқа қатысты сұрақтары бар карточкалар таратылады. (Қосымша 1)
Әрбір топқа келесі тапсырмаларды орындауға 10 минут уақыт беріледі:
1. өзінің жағдаятын талдау;
2. басты кейіпкерге не істеу керек екендігіне ұсыныс беру;
3. сұрақтарға жауап беру;
(К) Талқылау
Оқушылар өз жұмыстарының нәтижелерімен таныстырады.
(Т) Ғаламторда жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелері
Оқушылар топта ғаламторда жұмыс істеу барысында сақтайтын қауіпсіздік ержелерін талқылайды.
СЕРГІТУ СӘТІ
(Ж) Постер жасау
Оқушылар мәтіндік редактордың дайын шаблонын қолдана отырып, ғаламторда жұмыс жасаудың ережелері туралы брошюра жасайды. (1 бөлім –сыртқы). Шаблонның ішкі бөлігін оқушылар келесі сабақта орындайды. ........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 327



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі