Сабақ жоспары (ұмж): Мәтінді теру және өңдеу 4-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Мәтінді теру және өңдеу 4-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сөз артында сөз (ортақ тақырып: «Жақсы деген не, жаман деген не?»)
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және өңдеу 4-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.1.1. мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру;
3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалан
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар...
• мәтіндік редакторды іске қосады
• компьютерлік мәтінді өңдейді;
• арнайы батырмаларды қолданады;
• мәтіндерді жылжытады
• құжатты сақтайды.

Сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау.
«Салемдесу».
Оқушылар шеңберге тұрады. Қасында тұрған көршісімен амандасады. Және оған жылы лебіз айтады.
Сыныпты топқа бөлу.
Оқушылар сөз үзіндісін тандайды, содан бір сөз құрастырады. Солай сынып 3 топқа бөлінеді

Мақсатты тұжырымдау

Оқушылар пайымдау арқылы сабақтың мақсаты мен тақырыбын тұжырымдайды. Бағалау критерийлерімен танысады.

Білімді жүйелеу

- Қателерді түзету және мәтіннің мазмұнын өзгерту жөніндегі әрекеттер қалай аталады? (өңдеу)
- Қолжазба және компьютерлік мәтіндермен жұмыс істеу ыңғайлығын салыстыру арқылы қандай қорытынды жасауға болады?
(Ұзын мәтіндерді жасау және көбейту процесі компьютерлердің пайда болуымен әлдеқайда жеңілдеді. Сонымен қатар, компьютерлік мәтіндерді өңдеуге болады.)

- Қолжазба мәтінін жазудың қандай да бір ережелері бар ма?
Тарихқа шолу
Ежелгі дәуірде қолжазбаларды жасау ұзақ және көп еңбек етуді керек қылатын. Әрбір кітап бірегей болды. Қателіктер мен түзеткіштерді жасамауға тырысып, мәтін әдемі қолжазбада жазылған. Кітапты басып шығару, жазу машинкасындагы өнертабыс, содан кейін компьютер ұзын мәтіндерді жасау мен шығару процесін жеңілдетді.

Жаңа тақырып

- Дегенмен компьютерлік мәтіндерді теру үшін негізгі ережелерін есте сақтау керек:
1. Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift батырмасын басып, жібермей ұстап тұру керек.
2. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса – CapsLock батырмасын қою.
3. Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.
4. Дефис бос орынсыз қойылады.
5. Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады.
6. Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты (инициалы) енгізілгенде және ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын қолданылады. Ол пернелердің Ctrl + Shift + бос орын тізбектемесін терумен орындалады.
7. Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды
8. Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.
9. Enter батырмасын абзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.

Сергіту сәті.
Бас бармағым - әкем,
Балаң үйрек – шешем,
Ортақ тірек – ағам,
Шылдыр шүмек апам,
Кішкентай бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз..........


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle