Мәтінді пішімдеу 2-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

 Мәтінді пішімдеу 2-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сөз артында сөз (ортақ тақырып: «Жақсы деген не, жаман деген не?»)
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану
3.1.2.4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану
3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар...
• «Пішімдеу» сөзін түсінеді
• Мәтіндік редактордың мүмкіндіктері мен мақсатын атайды
• Мәтінді көрсетілген сипаттамаларға сәйкес пішімдейді
• Қаріпті, өлшемін және стилін өзгертеді.

Миға шабуыл.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сыныпты 3 топқа бөлу
«Мозайка» әдісі
Оқушылар кеспе қағазын тандау арқылы топқа бөлінеді
1 топқа– Кубик-рубик суреті бейнеленген
2 топқа – Пирамида
3 топқа - Доп

Математика сабағын еске түсірейік
- Кез келген фигура неден тұрады?
Оқушылардың жауаптарын пішін сөзін айтқанша тақтаға жазу. (егерде қиындық орын алса мұғалім өзі айтып жіберуіне болады).

Проблемалық мәселе тудыру.
- Әріптерден сөз құрастырыңыз. Сонда бүгін біз не туралы айтатынымызды анықтайсыз.

Оқушыларға әріптер беріледі, сол әріптерді құрастыру арқылы сабақтын тақырыбын табады
(Мәтінді пішімдеу)

Оқушылар сабақтың мақсаты мен тақырыбын тұжырымдайды.
Бағалау критерийлерін оқушылармен біріге отырып тұжырымдаңыз.
Білімді жүйелеу
«Оқулықты зерттеу»
Әр топ өткен сабаққа қатысты бір-біріне 2 сұрақтан дайындайды. Бір-біріне сұрақ қойып – жауап береді( әр топ 2 сұраққа жауап береді)
Жаңа тақырып
Проблемалық мәселе тудыру.
Қазір өзіңіздің оқуылығыңыздың бетін ашыныз. Сіз жалпы мәтін туралы не айтасыз? (мәтіндер бір көлемді әріптермен терілген, тақырып атауы негізгі мәтінге қарағанда үлкендеу әріптермен терілген, тақырып аты ортада орналасқан, негізгі мәтін азат жолдан басталады. Мәтіннің шеттері тегістелген).
Пішімдеу - ұсынылған ақпараттың түрін өзгерту.
Мәтінді өзгертуге пішімдеу тақтасы көмектеседі
Мәтіндік редакторда пішімдеу тақтасы арқылы, мәтіннің өлшемін, жазылуын, қаріп түсін өзгерту батырмаларын редакторды қосып, мысал келтіре отырып көрсетіп түсіндіру.
Бағалау
Оқушыларға пішімдеу тақтасының скриншотын таратып беріңіз.
- Пішімдеу тақтасында көрсетілген батырмалардың атқаратын қызметін анықтаңыз.
Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, кеспе қағаздарымен алмасып бір-бірін бағалайды.
Сергіту сәті
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатыр жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты жолына
Оңға қарады
Солға қарады
Үлкен тау деп ойлады. (қимылдар арқылы жасау)
Практикалық жұмыс
Компьютер алдына қалай отырғандарына назар аударыңыз.
Сабақтың практикалық бөлігіне ауысайық.
«Суретте не бейнеленген?»........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 467



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!