Мәтінді пішімдеу 1-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

 Мәтінді пішімдеу 1-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сөз артында сөз (ортақ тақырып: «Жақсы деген не, жаман деген не?»)
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану
3.1.2.4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану
3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар...
• «Пішімдеу» сөзін түсінеді
• Мәтіндік редактордың мүмкіндіктері мен мақсатын атайды
• Мәтінде көрсетілген сипаттамаларға сәйкес пішімдейді
• Қаріпті, өлшемін және стилін өзгертеді.

Миға шабуыл.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Сіз нысандардың пішімдері туралы не білесіз?
- Олар қандай болады?
- Мәтіннің пішіні бола ма?

Ребусты шешіңіз және мәтіннің дизайны қандай терминмен аталатынын анықтайсыз.

Проблемалық мәселе тудыру.

Ребусты шешіңіз
(пішімдеу)

Оқушылар пайымдау арқылы сабақтың мақсаты мен тақырыбын тұжырымдайды.
Бағалау критерийлерін оқушылармен біріге отырып тұжырымдаңыз.
Білімді жүйелеу
«Шабарман мен жылқы» ойыны
Балалар, қазір сіздерге кеспе парағын таратып беремін. Сіздер екіге бөлінесіздер. Бірінші топ сұрақтар жазылған қызыл кесте парағын алады, олар «Шабарман» болады. Екінші топ жауап жазылған жасыл кесте парағын алады, олар «жылқылар». Шабармандар сыныпта тыныш жылжып, өз атын табады, яғни олардың сұрағына дұрыс жауап беруі керек. 2 минуттан кейін барлық шабармандар өз орындарында болуы керек және олар өз аттарын табу керек. Шабармандар сұрақты оқиды, ал жылқы жауап береді.
Жаңа тақырып
«Кластер» әдісі
Пішімдеу - ұсынылған ақпараттың түрін өзгерту.
Мәтінді өзгертуге пішімдеу тақтасы көмектеседі
Енді біз кластер құрып, осы тақтада не істей алатынымызды білейік. Беттің ортасына біздің сабақтың негізгі сөзін жазыңыз (пішімдеу) және онымен байланысты негізгі сөздерді жазамыз.
Мәтіндік редакторды іске қосып, пішімдеу тақтасы арқылы, мәтіннің өлшемін, жазылуын, қаріп түсін өзгерту батырмаларын мысал келтіре отырып көрсетіп түсіндіру.
Кері байланыс
«Блум түймедағы» әдісі
Сонымен, сабақтың практикалық бөлігіне кірмес бұрын, сабақтың теориялық бөлігін қорытындылайық. Мен сіздерге алты сұрақ дайындадым.
Қарапайым: пішімдеу дегеніміз не?
Дәйектеу: Мәтінді форматтау – дегеніміз ол кәсіби талаптар мес, ал жақсы мінез ереже екенін дұрыс түсіндім ба?.
Талдау: Мәтінді пішімдеу мен дискіні пішімдеу арасындағы айырмашылық неде?
Түсіндіріңіз: Мәтінді қалай пішімдеуге болады? (мұнда пішімдеудің әртүрлі жолдарын талқылауға болады)
Практикалық: мәтінді пішімдеу мүмкіндігін қай жерде пайдалануға болады?
Шығармашылық: Бұл сіз үшін үй тапсырмасы. Әр түрлі қаріптерді тауып әкелу. Ол үшін, жазбаларды, жарнамаларды, газеттерді, журналдарды және т.б. мысалға келтіруге болады..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 600



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?