Махатма Ганди

 Махатма Ганди

Жек көрудi — махаббатпен, жалғандықты — шындықпен, зорлықты — шыдамдылықпен жеңу керек.

Мәңгiлiк ақиқаттар өздерiнiң мәңгiлiк екендiгiне қарамастан үнемi еске түсiрiп отыруды қажет етедi.

Ерiксiз пайда болатын ой ақылдың сырқаты, оны ауыздықтау ақылды ауыздықтағанды бiлдiредi және бұл желдi ауыздықтағаннан да қиынырақ.

Күнәһәрмен емес, күнәнің өзімен күресу керек.

Өтірікші шындығына келгенде өзін-өзі алдайды.

Біз тыңдаймыз, бірақ үнсіз қалу үшін емес.

Шынайы өмірде ішкі проблемаларыңмен бетпе-бет келген кезде дін жайлы білімдерің адыра қалып, түкке тұрғысыз болып көрінеді.

Кешіру мықтылардың ісі. Әлсіздер кешірімді бола алмас.

Көкірегі кең, өз ісіне сенімді кішкене дененің әлем тарихын өзгертуге қауқары жетеді.

Шын махаббат қайтарым талап қылмайды.

Жеттім, толдым деген адамның дамуы тоқтап, міндетті түрде кері кетуі басталады.

Кез келген адам қаласа, өзінің ішкі дауысын ести алады. Ішкі дауыс кез келген адамда болатынына сеніңіз.

Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол.

Жер бетіндегі бейбітшілік пен тыныштықты қаласақ, алдымен сәбилерге назар аударуымыз керек.

Ұлттың ұлылығы мен кеудесінің кеңдігін олардың жан-жануарларға деген қарым-қатынасына назар салып-ақ байқауға болады.

Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді, қалайша махаббатты қорғайды?

Алтын, күміс секілді тастарға бағалылық беріп тұрған нәрсе - оны өнідру жолындағы еңбек қана.

Бақыт дегеніміз – бұл сіздің ойлағаныңыз, айтқаныңыз бен істеген ісіңіздің өзара үйлесімде болуы.

Жүректілік басқа ізгі қасиеттерді дамыту үшін міндетті түрде қажет. Ерліксіз ақиқатты іздеуге немесе махаббатты аялап сақтауға бола ма?

Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса.

Мақсатыңды тап, ресурс табылар.

Мәселе ар мен ұятқа таянғанда көпшілік дауысы арқылы шешім қабылдау дұрыс емес.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?