Мария Монтессори

 Мария Монтессори

Ізденістегі балаға — көмек көрсетуге және іздегенін тапқан балаға — білінбеуге дайын болыңыз.

Баламен қарым-қатынас жасағанда ең жақсы мәнер қолданыңыз. Оған өзіңізде бар ең жақсы қасиеттеріңізді ұсыныңыз.

Баланың жақсы қасиеттерін дамытуға ден қойыңыз, нәтижесінде жаманшылыққа орын қалмайды.

Баланы жиі құптап отырса, ол өзіне жақсы қарауды үйренеді.

Бала қауіпсіздікті сезініп өссе, ол сенуді үйренеді.

Баланы жамандамаңыз, көзінше де, сыртынан да.

Бала достық ахуалында өмір сүріп, өзінің қажеттілігін сезінсе, ол бұл әлемде махаббатты табуды үйренеді.

Балаға дұшпандықты көрсетсе, ол төбелесуді үйренеді.

Баланы жиі сынаса, ол кінәлауды үйренеді.

Балаға бұрын игерілмеген дүниені мейіріммен, төзімділікпен және махаббатпен игеруге көмектесіңіз.

Баламен шынайы болған жағдайда, ол әділдікке үйренеді.

Баланы жиі масқара етсе, ол өзін кінәлі сезінуді үйренеді.

Баланы жиі келемеждесе, ол ұялшақ болуды үйренеді.

Баланы жиі мақтаса, ол бағалауды үйренеді.

Балаға мейірбандықпен қараса, ол шыдамды болуды үйренеді.

Қашан да балаға құлақ салып, сұрақтарына жауап беріңіз.

Қателік жіберген баланы құрметтеңіз. Сол кезде ғана ол қатесін түзете алады.

Баланы қоршаған ортасы тәрбиелейді.

Баланы жиі жігерлендірсе, ол өзіне өзі сене бастайды.

Баланы тәрбиелеу үшін — оны білу керек, оны білу үшін — оны бақылау керек, ал оны бақылау үшін — оған бостандық беру керек.

Бала дүниеге келгеннен бастап өзін-өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі