Қанатты (нақыл) сөздер: Михаил Лермонтов

Қанатты (нақыл) сөздер: Михаил Лермонтов

Егер адам өзi нашар болса, оған бәрi нашар көрiнедi.

Әйел ақылынан артық түсініксіз ештеңе болмас. Оларды бір нәрсеге көндіру мүмкін емес. Сондықтан да, оларды өзін-өздеріне көндіру керек. Олардың сөйлеу тілін үйрену үшін мектеп қабырғасында қалыптасқан логиканың барлығын төңкеру керек.

Аманатқа қиянат жасама. Құпияға бекем бол.

Бос жүрек үнемі бірқалыпты соғады.

Қазіргі тарихта инабатты әрі сұлу, бірақ жүрегінен айрылған жаңа әйедердің тобы пайда болды.

Істелген әрекет үшін ғана емес, сонымен бірге ниет үшін де азаптау керек.

Көп зат сөзсіз тауып айтылады.

Кім бейбіт түрде билегісі келсе, билігі бар халықтың ризашылығы аясында болсын.

Адам өзі бұзылса, оған барлық дүние құрығандай көрінеді.

Егер поэзия біріккен дыбыстардың үндеуі ғана болмаса да, ол адам ойын жеткізетін құралдың ең ұлы түрі.

Ар ақылдан сенімдірек.

Махаббат от тәрізді. Отынсыз үнемі өшіп қалады.

Халқымызды жетерліктей тәттімен тойдырдық. Бұдан асқазанның құртылғаны соншалықты, тек ащы дәрмектер пен шындық қана ем бола алады.

Жер бетінде ақымақтарсыз өмір сүру қызықсыз болар еді.

Әйелдер танымайтын жандарды ғана сүйеді.

Әйелдердің бір сезімтал қасиеті бар екенін мойындау керек. Олар үнемі жан сұлулығын тани білетін жандар.

Танымалдылық бұл тек қана сәттілік. Оған жету үшін айла керек.

Шенеуніктің орнына еріксіз байланған данышпан не өлуі не ақылдан айрылу мүмкін.

Махаббат қуанышсыз болса, айрылысу қайғысыз болады.

Екі достың бірі екінішісінің құлы.

Бақыт тек қана бізді сүйетін және үнемі күтетін жерде ғана.

Қызғаншақтықты түсінуге болар, бірақ дәлелдер жоқ.

Зұлымдық зұлымдықты тудырар.

Өлімнен асып түсу мүмкін емес.

Қуаныш ұмытылса да, қайғы ешқашан ұмытылмас.

Тіл мен алтын біздің қылыш пен у.

Құрметтің шегі бар, ал махаббат шексіз.

Әрбір тыныш ағып жатқан өзен шулы сарқырамалардан бастау алады. Ешқайсысы теңізге құяр сәтке дейін ойнап шуламайды. Бұл сабырлық әрдайым жасырын ұлы күштің сипаты.

Ей, тәкәпарлық! Жер шарын көтергісі келген Архимедтің тұтқасы едің...

0 0


Комментарии для сайта Cackle