Роберт Кийосаки
Өмір ақша мен уақыттың ойынынан тұрады.
Бастыққа немесе ірі компанияға жұмыс істеу ақша мәселесін шешпейді.
Бос уақытымды тиімді пайдаланғанымның арқасында мен қазір баймын.
Қазіргі күндегі ең басты қатер — әрекетсіздік.
Тамаша көлік пен үлкен үй сенің әлі жеткілікті бай немесе ақша табу икеміңнің мол екенін білдірмейді.
Ең кедей, ең бейшара, ең бақытсыз, ең сәтсіз адам – "ертең" сөзін көп қолданатын адам.
«Мені ақша қызықтырмайды» немесе "әңгіме ақшада емес" деп кедей әкем айтатын, ал бай әкем: «Ақша — бұл билік» — деп өз пікірінен қайтпайтын.
… Тыңдау сөйлеуден маңызды. Егер бұл шындық болмағанда біздің екі құлағымыз бен бір аузымыз болмас еді.Көп адам жаңа ойлар мен мүмкіндіктерді тыңдап сосын пайдасына асырудың орнына аузымен ойлап, жағаласа береді. Сұрақ қоюдың орнына қарсы пікірін көп танытады.
Ақшаға деген құмарлық — бар жауыздықтың тамыры (Кедей әке),
Бар жауыздықтың тамыры — ақшаның тапшылығы (Бай әке).
Бар жауыздықтың тамыры — ақшаның тапшылығы (Бай әке).
Үлгілі оқы, сосын беделді компанияда жұмыс істей аласың (Кедей әке),
Үлгілі оқы, сосын беделді компанияны сатып ала аласың (Бай әке).
Үлгілі оқы, сосын беделді компанияны сатып ала аласың (Бай әке).
Сен мені жылытсаң, мен саған отын саламын. (қатаған суықта пештің алдында отырған адам)
Мектептер сенімді жұмысшыларды дайындайды, жұмыс берушілерді емес.
Ақша — биліктің бір түрі, бірақ қаржы сауаты одан да құдіретті күш.
Шөже шөжені алыстан таниды.
Тәуекелдің әр кез алдыңнан шығатыны рас, одан қашқақтаудың орнына, оны басқаруды үйренейік.
… Бір рет те құламай, сәби жүруді үйренбейді, себебі біз жүруді құлай-құлай үйренеміз. Бизнестің жолы да солай. Неліктен қоғамның көп бөлігі ауқатты адамдардан тұрмайды, себебі олар жеңілуден қорқады. Ал жеңіс тұғырынан көрінгендер жеңілістің дәмін де татқандар. Сәтсіздік ол жетістікке жетудің бір бөлігі. Сәтсіздікке жолағысы келмеген адамдар жетістікке де жете алмайды.
Кедейлік пен борышқор болудың айырмашылығы бар, екіншісі уақытша болса, біріншісі өмір бойына.
Ақылды адам өзінен де жетік адамды жалдайды.
Актив — табыс алып келеді, пассив — сені кедей етеді.
Сын адамды қарық етеді, ал талдау керісінше адамның көзін ашады
Серфингке әуес адамдар жаңа толқынның келеріне сенеді. Толқынға асығып немесе кешігіп қалғандар тақтасынан міндетті түрде құлайды.
Басқалар байқамағанды көре білу жетістікке жетудің негізгі кілті.
Бірі: «Ақшамен ойнама, тәуекелге барма» десе, екіншісі: "тәуекелді басқаруды үйрен", — дейді.
Ақшаның құлы болуға да, биі болуға да болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?