Қанатты (нақыл) сөздер: Федор Достоевский

Қанатты (нақыл) сөздер: Федор Достоевский

Бүгiнгi күн сен үшiн соңғы күн сияқты етiп өмiр сүру керек.

Қалаған нәрсеге жету үшін де ақыл керек.

Мейлі, ақтай беріңдер, мейлі, жазаламай-ақ қойыңдар, бірақ зұлымдықты зұлымдық деп өзінің атымен атаңдаршы.

Өзінің ақымақ екенін түсінген ақымақ — ақымақ емес.

Жақсы ойлар тамаша сөзден артық саналады. Сөз дегеніміз, былайша айтқанда, сырт киім; ой — киімнің астында жасырынған дене.

Кей адам күлкісімен әбден сыр алдырып қояды, сіз табан астында оның бүкіл қатпар-қалтарыстарын біліп аласыз. Тіпті даусыз ақылды күлкі де кейде жиіркенішті болады. Күлкі ең алдымен шынайылықты талап етеді.

Мысқылды, аллегорияны, әзілді түсінуден қалу – жаман ырым.

Адам жақсы күледі екен — демек, жақсы болғаны.

Күлкі ең алдымен шынайылықты талап етеді.

Жарасымды әзіл - тереңдіктің белгісі.

Шектен тыс өзімшілдікке бой ұру - өзіңді сыйлағандықтың белгісі емес.

Сұлулық әлемді құтқарады.

Еш нәрсе істемеуге болатын кездің қандай екені миыма кірмейді.

Балаларды тәрбиелеу - еңбек әрі борыш.

Сіз үшін бәріне дайын адамға қиянат жасамаңыз.

Оқы және үйрен. Маңызды кітаптарды оқы. Қалғанын өмірдің өзі түсіндіріп береді.

Әр халық өз тілін жетік меңгеріп алса, бөтен тілді де еш қиындықсыз меңгере алатыны анық.

Адам бойындағы бағалауға лайық қасиет - ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік, таза ой.

Саған шынымен ең жақын адам - ол, сенің өткен өміріңді білетін, болашағыңа сенетін, қазіргі жағдайың қандай болса дәл солай қабылдайтын адам.



Комментарии для сайта Cackle