Фаина Раневская

 Фаина Раневская

Өмiрдi оңбағандардың есiнде қалатындай етiп сүру керек.

Жалғыздық — үйіңде телефон тұрып, сағаттың шырылдауы.

Қызыл кітапқа кірген жануарлар аз да, дәмді, пайдалы тағам туралы Кітапқа енгендері — өте көп.

Бет-пошымын айтып шағымданатындар көп те, ақылын алымсынбайтындар — жоқ.

Нашар фильмге түсу — мәңгіліктің бетіне түкіргенмен бірдей!

Диета, сараң еркек, салыңқы көңіл-күйге ысырап етердей өмір онша ұзақ та емес.

Миллион табынушың бар, бірақ дәріханаға барып келетін ешкім жоқ.

Нақұрыстар мен сайқымазақтарды өміріңізден аластап отырыңыз. Цирк гастрольге шығып тұруы керек.

Семіз әйел болмайды, тар киім болады.

Ұмытшақтықты емдей алмайсың, бірақ оны ұмытып кетуге болады.

Пластикалық операция жасатқаннан не пайда?! Сыртын жаңартасың, ал кәріз құбыры бәрі бір ескі!

Денсаулық деген — күнде бір жеріңіздің сырқырауы.

Әйел еркектен кейін өледі, өйткені үнемі кешігіп жүреді.

Ең қиын шаруаны таңғы асқа дейін тындырамын. Төсектен тұрамын.

Тіпті жалт-жұлт еткен тауыстың құйрығынан да кәдімгі тауықтың көтенін көруге болады.

Оптимизм дегенің — ақпараттың жетіспеуі.

Егер біреу саған қастық жасаса — сен оған кәмпит бер. Ол саған қастық — сен оған кәмпит. Сөйтіп ол қаскөй неме қант диабетіне шалдыққанша жалғастыра бер.

Биязы, тәрбиелі оңбағаннан, «боқауыз» жақсы адам болған артық.

Қартаю қызықсыз, бірақ бұл ұзақ өмір сүрудің жалғыз амалы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?