Қанатты (нақыл) сөздер: Франсуа де Ларошфуко

Қанатты (нақыл) сөздер: Франсуа де Ларошфуко

Басқаларсыз да амалдай аламын деп ойлайтын адам өте қателеседi, бiрақ басқалар өзiнсiз iс тындыра алмайды деп ойлайтын адам одан бетер қателеседi.

Бәрi өзiнiң жадына шағымданғанмен, ешкiм өзiнiң ақылына шағымданбайды.

Ешкiмдi ұнатпайтын адам ешкiмге ұнамайтын адамға қарағанда әлдеқайда бақытсыз.

Әрқашан басқалардан ақылдырақ болу тiлегiнен өткен ақымақтық жоқ.

Әрқашан басқалардан ақылдырақ болу тiлегiнен өткен ақымақтық жоқ.

Өзіне сенбеген адам — өзгеге де сенбейді.

Рахметі жоққа қызмет көрсетсең — ештеңе етпес, ал оңбағанның қызметін қабылдау — зор бақытсыздық

Біздің жақсы қасиeттeріміз – көп жағдайда шeбeрлікпeн өңі өзгертілгeн кeмістіктeріміз бoлып табылады.

Ұлы ақыл иелеріне аз сөзбен көпті білдіру тән болса, ақылы шамалы адамдар, керісінше, көп сөйлеп, ештеңе де айтпау дарынына ие.

Құлық пен сатқындық ептіліктің олқылығынан ғана хабар береді.

Егер махаббат жайлы оның әдеттегі көріністеріне қарап пікір айтар болсақ, оның достықтан гөрі дұшпандыққа көп ұқсас екенін көрер едік.

Күнделікті өмірде кей-кейде біздің жақсы қасиетімізден гөрі жағымсыз қылығымыз тартымдырақ көрінеді.

Жүрек үнемі ақылды ақымақ қылады.

Егер біздің бойымызда кемшіліктер болмаса, оларды жақындарымыздың бойынан көргенде сонша сүйсінбес едік.

Сүюді доғарып, өткен махаббатынан ұялатын адам әсте болмайды.

Адамдар барып тұрған күнәһар құмарлықтарымен жиі мақтанады, бірақ ұяңда жасқаншақ құмарлық - күншілдікті ешкімнің мойындауға дәрмені жетпейді.

Біз өз құмарлықтарымызды ізгілік пен жақсылықтың пердесімен қанша бүркемелеуге тырыссақ та, ол бәрібір шымылдықтың ар жағынан көрініп тұрады.

Бізді билегісі келгендерге тосқауыл болғаннан гөрі, олардың өзін билеген анағұрлым жеңілірек.

Өркөкіректік мақтаннан бас тартқанның өзінде ештеңе жоғалтпай, ұпайын түгендеп отырады.

Көрер көзге бола жасалған қарапайымдылық — барып тұрған екіжүзділік.

Дүмшелер өздерінің ақылы жетпеген нәрсенің бәрін жамандайды.

Жұрт қайырымдылық жақсы қасиет деп есептесе де, кейде ол мақтаннан, кей-кейде жалқаулықтан, жиі қорқыныштан, ал көбіне үнемі осы үшеуінен қатар туындап жатады.

Өзіңді-өзің алдап және оны байқамай қалу қандай жеңіл болса, біреуді алдап және әшкере болмау - сондай қиын.

Ақылға сындарлы ой қандай қажет болса, тәнге сұлулық та сондай қажет болады.

Алданып қалғаныңнан гөрі досыға сенбегендігің - масқаралық.

Тағдырың саған жаулықпен емес, теріс қарамай, оң қабақ танытқанда өзіңді лайықты ұстап жүру - қиынырақ.

Жастық кез— толассыз елту, ақыл-ой безгегі.

Біздің артықшылықтарымызға қарағанда, жасаған жамандығымыз құдалау мен жек көрушілікке азырақ ұшырайды.

Айлакердің құрып қойған тұзағынан құтылу үшін кейде дөрекі болу да жеткілікті.

Күнге де, ажалға да тік қарауға болмайды.

Құмарлыққа әділетсіздік пен пайдакүнемдік сондай тән, сондықтан оған сену қауіпті, тіпті ақылға сыйымды болып тұрса да сақтанған абзал.

Құмарлық көп ретте ақылдыны ақымаққа айналдырады. Ақымақтарға ақыл салатын кезі де аз емес.

Адам баласының жүрегінде құмарлық атаулы толассыз алмасып жатады, құмарлықтың бірі өшсе, бірі бас көтере бастайды.

Әйелді қаншалықты қатты жақсы көрсек, соншалықты жек көруге де бейімбіз.

Даналардың сабырлылығы - бар болғаны олардың өз сезімдерін жүрек түбінде жасыра білуі.

Өзіне-өзі сенбеген жанның жақ ашпағаны жөн.

Махаббат - біреу, бірақ оның қолдан жасалған бояма түрі - мың.

Өшпенділік иліксе де, қызғаншақтық көнбейді.

Құлық пен айлакерлікке келгенде менмендік алдына жан салмайды.

Қызғаныш күмәнмен қоректенеді; күмән сенімділікке айнала бастаған сәтте ол не өледі, не долылыққа айналады.

Біздің барлығымызда жақынымыздың қайғы-қасіретін көтеріп алар күш жатады.

Күштілердің қайырымдылығы көбінесе алпыс айлалы саясат болып табылады, ол саясаттың мақсаты - халықтың махаббатын жаулап алу.

Егер айналасын ақымақтар жайламаса, ақылды адам көптеген қиындықтарға дұшар болар еді.

Мақтаныш барлық адамға тән: айырмасы мұны олардың қай жерде және қашан көрсетуінде ғана.

Бақытты адамдардың ұстамдылығы баянды сәттілік сыйлаған сабырдан тарайды.

Біздің көз қарашығымызды сөккеннен гөрі, талғамымызды жамандағанда намысымызға көбірек тиеді.

Өзіміздің астамшылығымыз өзімізді жеңбесе, өзгенің астамшылығына шағым айтпас едік.

Бойымыздағы сенімділік, өзгелерге де сеніммен қарауға көмектеседі.

Жұрттың бәрі ұмытшақпын деп зар илегенде жақсы, ал ақылының аздығына арыз айтқандарды кездестірген жоқпыз.



Комментарии для сайта Cackle