Ең жас миллиардердің құпиясы неде?

Ең жас миллиардердің құпиясы неде?

1. Армандай біліңіз

Көп адамдар Марк Цукербергті жолы болған студент деп біледі. Тағы біреулер оның "Facebook" әлеуметтік желісі соншама қаржы алып келетініне сене қоймайды. Шындығында бұл пікірлер дұрыс емес. Ол бір түнде миллиардер атанған жоқ. Оның атақ пен байлыққа жетуі бір түс сияқты басталған. Ол кішкене жоба үшін барлығынан бас тартуға дайын болды. Наполеон Хилл айтқандай: "Ықылас – бар табыстың бастауы". Марк Цукерберг өз ойлағанын қызығушылықпен жүзеге асыра білді. Егер сіз Марк секілді атақ пен байлыққа кенелгіңіз келсе, өз ықыласыңызға жол беріңіз.

2. Ауқымды ойлаңыз

Facebook Марк Цукербергтің компьютеріндегі бір жоба ғана болатын. Егер ол өзінің қалауы болғанда оны әлдеқашан сатып жіберген болар еді. Ол желіні сатудан бас тартты. Себебі ол Thefacebook-ке белгіленген сомаға емес, болашақта әлемді дүр сілкіндіретін жобаға қызықты. Facebook кішкене бастама болғанымен, Марктің мақсаты үлкен болды. Алдымен Facebook бір университеттің (Гарвард) деңгейіндегі жоба еді. Сосын Yahoo компаниясы желіні 1 миллион АҚШ долларына бағалағанда, ол миллиондық жобаға айналды. Дегенмен, Марк оны миллиардтық сатыға жеткізді.

3. Кішкенеден бастаңыз

Марк Цукербергтің үлкен мақсаттары мен тамаша жоспарлары болатын. Ол бүкіл әлемді өзіне тартатын ықпалды ойластырды. Айталақ, ол басында кішкентай ғана жобадан ары қарай дамыды. Миллиондаған қаржыны қамтитын капиталды күтпей, өзінің университеттегі жатақханасынан, бар жоғы бірнеше мың АҚШ долларымен бастады. Ал қазір ол әлемдегі ең жас миллиардер атанып отыр. Жоқтан барды жасау оңайға соқпайды, дегенмен даңққа апарар жол болары хақ.

4. Өзіңізге деген сенім

Өзіңізге деген сенім қоғаммен жұмыс істеу саласында ең басты қасиет болып табылады. Біреуге сенім артып, сіз ешқашан сәтті бизнесті бастай алмайсыз. Төменге түңілместен, алға басып, қанша сәтсіздіктерге тап болсаңыз да, алған беттен артқа қайтпау керек. Жоспарды іске асыруда соңына дейін күресу керек.

"Сіздер әлі жассыздар және онымен мақтануға тиіссіздер.Өз сенімдеріңізге тірек болыңыздар" - Трип Хокинс


5. Құштарлықпен алға басыңыз

Немен айналысқанды жөн көресіз? Қалауыңызға қарсы келмейсіз бе? Жұмысқа орналасасыз ба, әлде жұмыс орнын ашасыз ба? Марк Цукербергтің жетістігін қайталау үшін сізде осы сұрақтарға нақты жауап болуға тиіс.

Марк жастайынан бағдарламалауға қызығатын. Сол энтузиазммен әлемнің беделді университіне оқуға түседі. Әркім де Марк Цукербергке қызыға қарайды. Дегенмен, мақсатын жүзеге асыру үшін оның Гарвардтан шығып кеткенін көп адам біле бермейді. Үлкен таңдауда жаңылмау миллиард долларға тартатын бизнестің кілті екенін ұмытпауымыз керек.

6. Сынға дайын болыңыз

"Менің өзім тірі кезімде мен туралы кино түсірілмесе екен деп тілеймін" - Марк Цукерберг


Әрбір табысты кәсіпкер секілді Марк та өзіне тиесілі сынды алды. Сын да дамудың бір баспалдағы болғандықтан, ол ешбір теріс әрекеттерге бармады. Сыннан сүрінбеуге тырысты. Керісінше, ол оған демеу болды.

7. Ұқыпты бола біліңіз

"Менің ойымша, біздің қолымыздан келді. Жоспардан қалып немесе ауытқып кеткен жеріміз жоқ. Маңыздысы табыс алып келуде емес, қоғамға қолайлылық жасай білуде. Біз тура бағытпен өсіп келеміз" - Марк Цукерберг.

Бизнесте ұқыптылық өте маңызды рөл атқарады. Ұқыпты іскерлер кімдермен қарым-қатынаста болып, кімдерден аулақ болуды жақсы біледі. Жетістікке жету үшін алдымен тер төгу керек. Кез-келген адам ең басында екі қалтасы толған табысқа бірден кенелмеген. Әрбір миллиардер өз жолында қажырлы еңбектенген. Сол себепті олар жеңіске жетті.

8. Алыптармен бәсекелесуден тайынбаңыз

Марк Цукерберг Facebook-ті ғаламтордың негізгі орталығына айналдыруды мақсат етті. Ол Google-мен бәсекелес болуға дейін барды. Марк ғаламтор алыбынан сескенді ме? Жауап: Жоқ. Алыптардың да осал жері бар емес пе? Тек батылдық таныта білу қажет. Себебі тәуекелді жеңіске алып бару үшін бизнесте де ер тұлғаның батылдығы қажет.

9. Нақты бағытыңыз болсын

"Қандай мақсатпен алға ұмтылсаңыз да, оның бүкіл әлемге пайдасы тиетін болсын" - Марк Цукерберг.


Не үшін Google Facebook-ке қарсы келмеді. Марк оған қарсы келе алмайтындай ұсыныс жасады. Міне, сол себепті Уоррен Баффет, Билл Гейтс және Эндрю Карнеги секілді бизнестің алыптары бағытты маңызды деп білді. Еңбектің нәтижесі ең төмен дәрежені көрсетсе де, ол бір әрекеттің есебінен болады. Демек, үдеріс бар.

"Энергия, ой және капиталыңды біріктіре біл" - Эндрю Карнеги


10. Тәуекелге баруды үйреніңіз

"Ғаламдық үдеріс барысында, тәуекелге барғысы келмейтін адамдар - нағыз тәуекелбасты адамдар" - Роберт Кийосаки

Тәуекелге бас ұрмаған кәсіпкер сәтті бизнеспен айналыса алмайды. Марк Цукерберг те тәуекелдің аттауынан өтті. Марк Facebook желісін дамыту үшін оқудан кетіп, тәуекелге барды. Google-ға қарсы келіп, тәуекелге барды. Демек, тәуекелсіз үлкен дүмпу орын алмайды екен.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев, дереккөзі

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу