Түсіңізде адассаңыз не жайлы білуіңіз керек? Орманда немесе басқа жерде адассаңыз, жақын арада қиын жағдайға түсесіз немесе белгісіздікте өмір сүресіз. Өзіңізді сенімсіз сезінесіз, себебі болашағыңыз сізге бұлыңғыр болып көрінеді. Сезіміңіз бен ойыңызда адасуыңыз мүмкін, әр басқан қадамыңыз жағдайды одан әрі қиындатып жібереді – қорқыныштарыңыз себепсіз болып шығады. Сізді мазалап жүрген нәрселермен бөлісе алатын дос тауып, соған бар қиындықтарыңыз жайлы жасырмай айтыңыз.
Нақты қай жерде адасқаныңызға байланысты түстің де мағынасы өзгеріп отырады. Орманда жоғалсаңыз жауларыңыз таратқан өсектің құрбаны боласыз немесе қаралы хабар аласыз. Бейтаныс қалада адассаңыз, өте қиын жұмысқа кірісесіз. Тек өзіңіздің күшіңізге сенумен ғана шектелмеңіз, керек болса адамдардан көмек сұраудан ұялмаңыз.
XXI ғасыр түс жоруы бойынша – түсінде адасу
бұл түстің мағынасын бірнеше жолмен қарастыруға болады. Адасып қана кетпей шығар жол мен дұрыс бағдар таба алмасаңыз, жақын арада қате шешім қабылдайсыз не үлкен қателік жасайсыз. Сол үшін кейін жауап беруіңізге тура келеді. Леммада адасу – жайсыздыққа. Ал жазық далада адасып кетсеңіз – жақсы белгі. Істеріңіз табысты болады. Таныс емес жерде адасу –қызықты саяхатқа: өзіңіз үшін көп зат пен жерлерді ашасыз. Жалпы бұл түс кедергілерді де білдіруі мүмкін. Мысалға бейтаныс жерде адасқан адам қиындықтарға ұрынады, есінен айырылады.
Орманда адассаңыз өзіңіздің өміріңіз, мақсатыңыз, істеріңіз жайлы ештеңе білмейсіз – болашағыңыз сізге бұлыңғыр болып көрінеді. Бұған айналадағы адамдар кінәлі: үнемі жұмыс істе, жұмыс істе деп айта береді. Сіз онсыз да жұмыс істеп жүрсіз. Таныстарыңызға мән бермеңіз –олар өмірден түнілген жандар. Енді не істейсіз? Олар сізге бірдене деп жатса, жай ғана құлағыңызды жабыңыз. Қалада жоғалсаңыз, үлкен орта еркіндігіңізді шектеп, сізге қысым танытуда. Сіз бостандықты жақсы көресіз. Кептелісі мол шаң қала сіздің өмір сүруге деген құлышынысыңызды тежеп жатыр. Кейде топырлаған адамдардың арасында қалып қоймау үшін үйден шыққыңыз келмей қалады. Мүмкін, қаланың өмірі мен ырғағына үйренуіңіз керек шығар? Ал ол өте жылдам процесс. Лабиринтте адассаңыз жақын арада тым қиын сұраққа тап боласыз, оны шешу үшін бар күшіңіз бен ақылыңызды жұмсауыңызға тура келеді. Есесіне шешімін тапқаннан кейін өзіңізді өмірдегі ең құдіретті жан ретінде сезінесіз. Үлкен таныс емес үйде адассаңыз күмәнді адаммен танысасыз. Оның аяқ асты пайда болуы, келбеті және түсініксіз жұмысы сізді бір аптаға ойландырып қояды. Алайда келесі кездескенде басыңыздағы жүз сұраққа ол өзі жауап береді.
Эзотерикалық түс жору бойынша түсіңізде адассаңыз
Оның мәнін білу үшін әуелі қай жерде адасқаныңызды айтыңыз. Орманда адасу – жаман көңіл-күй депрессияға оңай айналады. Қалада адасқанын көрген адам қандай да бір әрекеті үшін қатты ұялып жүр. Ол танысына әділетсіздік танытқанын біледі және сол оның жанын жегідей жейді. Бірақ, енді ештеңе өзгертуге болмайды. Тек өзін кінәлау мен жағдайдан дұрыс тұжырым шығару ғана қалды. Жазық далада адасу – жақсы белгі: жұмыс пен кәсіптегі табысты білдіреді. Ал орманда адасу, керісінше, істеріңізде қиындықтар мен кедергілердің пайда болуын хабарлайды. Шешімін табу үшін көп еңбектеніп, тіпті біреудің көмегіңізге жүгінуіңізге тура келеді. Бұл «орманнан» өзіңіздің шығуыңыз екіталай.
Айлық түс жору бойынша орманнан шығар адасып жол таба алмасаңыз
Шынайы өмірде өсектен зардап шегуіңіз мүмкін. Таныс емес қалада адасу – қиын және ұнамсыз іске: оған кірісер алдында барынша зерттеп алыңыз. Өзіңізді көз қорқақ, қол батыл деп жұбатып қойыңыз. Орманда адассаңыз, шығындарыңыздың көбеюі ықтимал, ал қауесет сөздер жағдайды одан әрі қиындатып жібереді. Мақсатыңызға жету үшін тура жолмен емес айналшықтап, кедергілерді көріп баруға тура келеді.
Малый Велесов түс жоруы бойынша орманда адасқан
Түстің екі түрлі мағынасы бар: жаман және жақсы. Әуелі ұйқыдан тұрғанда қандай көңіл-күйде болғаныңызды еске түсіріңіз. Егер қабағыңыз түюлі болса, жолыңызда қиындықтардың шығатынын білдіреді: дұшпандардың мазағы мен өсегіне айналасыз. Қуанышты көңілмен оянсаңыз, керісінше, істеріңіз алға басып, табыс пен жеңіске ие боласыз. Қалада адассаңыз, қиын іс-шараға қатысасыз. Орманнан шыға алдыңыз ба? Иә болса, қиындықтан еш кедергісіз шығасыз. Жоқ болса, қамауға алынып, түрмеге отыруыңыз мүмкін.