Программа терезесі 1-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

  Программа терезесі 1-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер және программалар
Сабақтың тақырыбы: Программа терезесі 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату
• компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру
• компьютерлік программада меню командаларын қолдану
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар...
• Ақпаратты енгізу және шығару құрылғыларын қайталау;
• Оқушыларды программа терезелерінің негізгі элементтерімен таныстыру;
• Мәзірмен жұмыс жасау дағдасын қалыптастыру;
• Терезелермен манипулциялау дағдыларын үйрену,

1. Ұйымдастыру кезеңі..
Мұғалім оқушыларға суреттерді қарастыруын ұсынады.
Тапсырма: Қандай сөз барлық суреттерді сипаттайды? Бұл сөз 6 әріптен тұрады.
Оқушыларға калькулятор, терезе, Блокнот программасының терезесі, Paint программасының терезесінің суретін интербелсенді тақтаға флипчарт дайындаңыз.

Оқушылар жауаптар ұсынады.
Дұрыс жауап тақтадан көрсетіледі: Терезе
Мұғалім проблемалық сұраққа жауап қайтаруын сұрайды:
1) Программа терезесі қандай элементтерден тұрады?
2) Программа терезесінің көлемін қалай өзгертуге болады?
3) Программа мәзірі дегеніміз не?
2. Мақсатты тұжырымдау
Мұғалім оқушылармен бірігіп сабақтың тақырыбы мен алдарына қоятын мақсатын тұжырымдайды.
Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен таныстырып, дескрипторларды тұжырымдап беруін сұрайды.
3. Тақырып бойынша когнитивті қызығушылықты қолдау және дамыту
Өткен сабақты жүйелеуге мұғалім «Таңдау дөңгелегі» техникасын қолданып сұрақтар қояды.
Батырманы басқаннан кейін тақтаға суретті таңдап алуына оқушы шақырылады. Таңдап алғаннан кейін оқушы суретті сипаттайды.
4. Жаңа тақырып.
Мұғалім стандартты программаның терезесінің элементтерін көрсетеді. Жаңа терминдермен таныстырады.
Терезенің негізгі элементтері:
• Тақырып жолағында программаның атауы орналасады;
• Жиыру батырмасы Жұмыс үстеліндегі терезені жинап жиырып қоюға ұсынылған, кез-келген уақытта программа терезесін қайта қалпына келтіруге болады;
• Жаймалау батырмасы программа терезесін экран бетіне толық масштабтайды;
• Жабу батырмасы программаның жұмысын аяқтайды.
• Мәзір жолы программалармен жұмыс жасайтын командалардан тұрады;
• Жұмыс аумағы- деректермен орындалатын іс-әрекет орны.
• Жылжыту жолағы жұмыс аумағында орналасқан барлық ақпаратты қарау үшін арналған.
5. Практикалық жұмыс.
1 Тапсырма: Нұсқаулыққа сүйене отырып программаны таңданыз.
1 нұсқа 2 нұсқа
«Калькулятор» программасын іске қосыңыз Бейнелерді қарау программасын іске қосыңыз
Программаны зерттеп кестені толтырыңыз.
Программа терезесінің элементтері (бар/жоғын) анықта
Тақырып жолы
Жұмыс аумағы
Жылжыту жолағы
Жиыру, Жаймалау, Жабу батырмалары
2 Тапсырма: Қазақстан мен Алматының ұлттық символы «Қар қабыланы» бейнеленген суретті ашыңыз. Программамен келесі командаларды орындаңыз:
1. Программа терезесін жиырыңыз.
2. Жұмыс үстеліне программа терезесін қалпына келтіріп Жаймалаңыз.
3. Программа терезесінінің өлшемін өзгертіңіз
4. Программа терезесін Жұмыс үстелінің сол жағына жылжытып қойыңыз.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 629



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!