Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

 Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану
Сабақ мақсаттары: • өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін сыртқы ерекшеліктері бойынша сипаттау;
• белгісіз ағзаны анықтау үшін алгоритм құрастыру;
• өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың көзге көрінетін өзіндік ерекшеліктерін қолдану.

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар тірі ағзалардың суреттері арқылы топтарға бөлінеді. Әр топ өсімдіктер мен жануарлардың атаулары жазылған таратпаларды (карточкаларды) ағзалардың суреттері мен сипаттамаларын сәйкестендіреді. 5- сыныптағы 5.6.2.1 ағзаларды тірі табиғат дүниесіне жіктеу оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді.

2. Ой шақыру.
Оқушылар сыртқы белгілерінің ерекшеліктері негізінде тірі ағзаларды жазбаша топтастырады.

Дескрипторлар
Оқушы
Ағзалардың орынын анықтайды.
3. Мақсатты тұжырымдау.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.
4. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Белгісіз ағзаны анықтаудың алгоритмін, өсімдіктер бөлімдерінің, омыртқасыз және омыртқалы жануарлар және олардың кластарының негізгі белгілерін түсіндіреді.

5. Топтық жұмыс.
1 және 3 топ. Конвертте берілген белгісіз өсімдік не жануарды анықтаудың алгоритмін құрайды. Өз алгоритмін түсіндіреді. Алгоритм бойынша ақпараттарымен алмасады және ортақ қорытынды шығарады. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлар кластарының көзге көрінетін негізгі белгілерін анықтайды.

2 және 4 топ. Өсімдіктердің кеппешөптерін/ фотосуреттерін пайдалана отырып, сыртқы ерекшеліктерін анықтайды және өздері анықтаған ерекшеліктерді қосымша ақпаратта берілген сипаттамалармен сәйкестендіреді. (балдырлар, мүктер, қырықжапырақтар, ашық және жабық тұқымды өсімдіктер).

Әр топ өз жұмыстарымен бөліседі, мұғалім кері байланыс береді.
Дескрипторлар
Оқушы
Белгісіз ағзаны анықтаудың алгоритмін ұсынады;
Өсімдік бөлімдерінің негізгі ерекшеліктерін анықтайды;
Өсімдік бөлімдерінің өкілдеріне тән сипаттамаларды сәйкестендіреді;
Омыртқасыз жануарлар кластары өкілдерінің көзге көрінетін негізгі ерекшеліктерін сипаттайды;
Омыртқалы жануарлар кластары өкілдерінің көзге көрінетін негізгі ерекшеліктерін сипаттайды.

6. Cабақты бекіту.
Оқушылар екі топқа топтасып, бір топ ішкі шеңберді құрайды, екінші топ сыртқы шеңберді құрайды. Екі шеңбердегі оқушылар бір бірлеріне қарама қарсы тұрады. Бір оқушы өз қолындағы ағзаның фотосуретін көрсетеді, ал екінші оқушы ол ағзаның тобын атайды және үш дәлел келтіреді. Ішкі шеңбер сағат тілі бағытымен, ал сыртқы шеңбер сағат тіліне қарсы бағытта қозғалады. Жаңа жұп келесі ағзаны талдайды.
Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 417



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі