Сабақ жоспары (ұмж): Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.1.3 экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
• Қоректік тізбекте энергия мен заттардың ауысуын талдау;
• Экологиялық пирамидада әрбір деңгейдегі қарым қатынасты орнату.

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар 11 адамнан тұратын топқа бірігеді. Әр топ «Экожүйедегі қоректік тізбектер туралы білудің маңызы неде?» сұрағына жауап береді, өткен сабақтағы оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді.

2. Ой шақыру.
Оқушылар «Қоректік тізбекте қанша трофикалық деңгей бар?» сұрағын талқылайды.

Дескрипторлар
Оқушы
Қоректік тізбектегі трофикалық деңгейлердің санының энергия мөлшеріне әсерін сипаттайды.
3. Мақсатты тұжырымдау.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.
4. Топтық жұмыс. «Қоректік тізбек» ойыны. Оқушылар топта бидай тұқымы, тышқан, түлкі рөліне бөлінеді.
Оқушылар бұл ойында түлкілер тек тышқандарды жейтіндігі, тышқандар- бидай тұқымын жейтіндігін түсіндіреді.
Әр топ өз жұмыстарымен бөліседі, мұғалім кері байланыс беріп, қоректік тізбекте энергияның бір деңгейден келесі деңгейге өтетіндігін, энергияның берілу заңдылықтары немесе «10% ереже», бір трофикалық деңгейден келесі деңгейге 10% артық энергия өтпейді, 90% энергия ағзаның өз қажеттігіне жұмсалатындығын талдайды.
Ойын нәтижесінде қоларындағы қалған «қорек» мөлшерлерін санау арқылы экологиялық пирамида құрастырады.
Дескрипторлар
Оқушы
Қоректік тізбектегі энергияның берілу заңдылықтарын сипаттайды;
Бір трофикалық деңгейден келесі деңгейге артық энергия өтпей өз қажеттігіне жұмсалатындығын анықтайды.
Экологиялық пирамидада деңгейлерінде энергия мен заттардың ауысуын көрсетеді.

5. Мәтін «Энергия қоректік тізбек арқылы қалай өтеді?»
Күн – барлық қоректік тізбектердің негізгі энергия көзі, сондықтан экожүйелердің де негізгі энергия көзі болып табылады. Өсімдіктер күн энергиясын қолданып, фотосинтез процесі арқылы қорек жасап шығаруға бейімделген. Кейін бұл қоректі басқа ағзалар қолданады, сондықтан энергия қоректік тізбек арқылы бір трофикалық деңгейден келесі деңгейге өтеді. Бұл процесс өте тиімсіз, себебі жануарлар қозғалғанда, денелерінен заттарды бөліп шығарғанда және дем алғанда энергия жоғалады. Нәтижесінде, келесі трофикалық деңгейге өткен сайын энергия азая түседі, сондықтан жоғарғы трофикалық деңгейлерде ағзалар саны аз болады. Осы байланыстарды биомассалар пирамидасы арқылы көрсетуге болады.

6. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Қоректік тізбекте қанша трофикалық деңгей бар? Әдеттегі қоректік тізбектерде үштен беске дейін трофикалық деңгей болады. Бестен көп трофикалық деңгейі болатын қоректік тізбектер сирек кездеседі, себебі қосымша трофикалық деңгейде ағзалар популяциясын сақтау үшін қолжетімді энергия өте аз болады.

7. Сабақты бекіту.
10% ережені ескере отырып 5 кг бір бүркіт өсу үшін қанша шөп керектігін есепте. (қоректік тізбек: шөп – қоян– бүркіт). Әрбір трофикалық деңгейде әрқашан алдыңғы деңгейдегі өкілдерді ғана жейтінін шартты түрде қабылда.
Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді.........


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle