Сабақ жоспары (ұмж): Ғылыми зерттеулер бағыттарын болжау (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Ғылыми зерттеулер бағыттарын болжау (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әлемді өзгерткен жаңалықтар
Сабақ тақырыбы: Ғылыми зерттеулер бағыттарын болжау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6.7.1.3. Болашақ ғылыми зерттеулердің бағыттарын болжау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• ғылыми зерттеу бағыттарын анықтайды;
• ғылыми зерттеулердің бағытын болжайды.

Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып оқушыларын 4 топқа өз қалауыңыз бойынша бөліңіз.
Топ-сынып форматы. Топта келесі сұрақтарды талдауды ұсыныңыз.
- Болашақта қандай қалада тұрғыларың келеді?
- Өздерің тұратын жердің қандай болғанын қалайсыңдар?
Оқушылар топта талқылаған жауаптарын сынып форматына ұсынады.
Дескриптор:
- шығармашылығы
- жаңашылдығы
Дескриптор бойынша бағалау
2.Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын және бағалау критерийлерін шығарады

3. Оқушыларға өнертабысты патенттеу рәсімдемесі туралы слайдты қолдана отырып түсіндіріңіз.
4. Оқушыларға «Болашақтың қаласы» жобасын орындауды ұсыныңыз. Бұл үшін оқушыларға зерттелетін тақырыппен байланысты сөздердің тізімі беріледі. Топтағы оқушылар берілген сөздерден топ идеясын орындау үшін өздеріне қажеттісін таңдайды.
Қаланы жақсарту мақсатында қандай өнертабысты патентке ұсынасың?

Жобаны жасау үшін оқушыларға: түрлі түсті қатырма қағаз, көбікті пластик, ермек саз, скотч, ескі журналдар, түсті суреттерді ұсыныңыз.
Әр топтан патенттік қазылар алқасының бір мүшесі таңдалады. Қазылар алқасы қандай өнертабысқа патент берілуі керек екенін шешеді.
Одан әрі шығармашылық табыс тілей отырып, «Патенттер» беріледі.
Оқушыларға арналған «Патенттерді» дайындаңыз.
Оқушыларға алдын ала дескрипторды ұсыныңыз.
Дескрипторлар Оқушылар
- Жобаны зерттеу барысында тұратын жеріне қажет жобаны анықтайды
- жаңашылдығы
- эстетикалығы
- қолайлы инфрақұрылымы
- адам өміріне қажеттілігі........


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle