Жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігі 3-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

 Жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігі 3-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігі 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.2.2 жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттеу
Сабақ мақсаттары: • экожүйелердің ерекшеліктерін сипаттау;
• мектеп маңы экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттеу;
• экожүйелердегі ағза түрлерінің сандық мөлшері және кездесу жиілігінің әртүрлі болу себептерін түсіндіру.

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар экожүйелердің суреттері бойынша топқа бірігеді. Әр топ экожүйедегі ерекшеліктердің себебін анықтайды, 5- сыныптағы оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді.

2. Ой шақыру.
Оқушылар экожүйелердің ұқсастықтарын талқылайды.

Дескрипторлар
Оқушы
Әр экожүйенің ұқсастықтарын сипаттайды.
Әр экожүйенің айырмашылықтарын анықтайды.
3. Мақсатты тұжырымдау.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.
4. Топтық жұмыс.
Оқушылар экожүйелердің ерекшеліктерін анықтайды.
1- топ: шөл
2- топ: тау
3- топ: дала
4- топ: орман
5- топ: шалғын
Жұмыс нәтижесі арқылы экожүйелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
Дескрипторлар
Оқушы
Экожүйелердің абиотикалық факторларын сипаттайды;
экожүйелердің биотикалық факторларын анықтайды.
Экожүйелердегі ағзалардың байланысын көрсетеді.

5. Мәтін «Экожүйелер дегеніміз не?»
Экожүйелер – бір-бірімен және қоршаған ортаның жансыз бөлігімен байланысқа түсетін тірі ағзалардың өз-өздерін қолдай алатын жүйелері. Тропикалық ылғалды орманды экожүйе ретінде қарастыруға болады. Экожүйенің тірі бөліктері “биотикалық” факторлар деп аталады, оларға барлық өсімдіктер мен жануарлар және олардың арасындағы қарым-қатынас жатады. Ал “абиотикалық” факторларға ауа, топырақ, тас және су секілді жансыз табиғат бөліктері жатады.
6. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Көзге айқын көрінбесе де, экожүйелер үнемі өзгеріс үстінде болады. Қоршаған ортаның шарттары өзгерген сайын, экожүйедегі ағзалардың популяциялары да жылдан-жылға өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер көбінесе салыстармалы түрде өте кішкентай және бұл өзгерісті бастапқы қалпына қайтаруға болады, алайда, кейде экожүйелер оның қызметін анықтайтын биотикалық және абиотикалық факторлардағы маңызды өзгерістерге жауап ретінде күрт өзгеруі мүмкін. Мысалы, ауру әсерінен , мекен ортасының бұзылуынан немесе жыртқыштық кесірінен бір түрдің жойылуы тек осы ағзаның өзіне ғана емес, оған тәуелді барлық түрлерге әсерін тигізеді. Егер бұл түр қоректік тізбектің төменгі сатысындағы өсімдік болса, онда өзіне тәуелді қоректік тізбектің жоғарғы сатысындағы барлық түрлерге өз әсерін тигізуі мүмкін.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 391



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!