Көлеңкені өзгертуге бола ма? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

 Көлеңкені өзгертуге бола ма? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық
Сабақтың тақырыбы: Көлеңкені өзгертуге бола ма?
Оқу мақсаты: көлеңкенің кедергі өлшеміне және жарық көзінен кедергіге дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу және түсіндіру;
зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы:
Суретке қарап дене көлеңкесін сәйкестендіре алады.
Оқушылардың көбі:
Дене көлеңкесі дене өлшеміне сай болмауы мүмкін екендігін біледі.
Оқушылардың кейбірі:
Дене көлеңкесі қандай шамаларға тәуелді екендігін анықтап қорытынды жасайды.

Бөлімге кіріспе.
Слайдта берілген жарық көздерін топқа жіктейді
Суретте: жетіқарақшы, поляр шұғыласы, ай, жанып жатқан ағаш, майшам, жарқырауық қоңыз, үстел шамы, қол шам, неон шамы, шам, жанып тұрған сіріңке шиі, күн сәулесі.
(Табиғи жарық көздері дегеніміз – ол өздігінен сәуле шығаратын денелер; жасанды жарық көзі – адамның арнайы іс-әрекетінің нәти¬жесінде жарық шығаратын қолдан жасалатын денелер.)
Кіріспе тапсырма.
1) Жарық сәулесі қалай таралады?
2) Көлеңке дегеніміз не?
(Жарық денеге келіп түскен кезде дененің келесі жағында пайда болатын қа¬раңғы дақ)
3) Көлеңкесін тап.
4) Неліктен бұлардың көлеңкесі өзінен өте үлкен, екіншісінікі керісінше кішкентай?
Бұл суретшінің қателігі ме?
Шынайы өмірде көлеңкенің өте үлкен болуымен кездестіңдер ме?
Қай кезде көлеңке үлкен болады?
Деген сұрақтар қою арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатына шығамын.
Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау.
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:
Көлеңкені өзгертуге бола ма?
Сабақ мақсаттары:
Көлеңкенің өлшемі қандай шамаларға тәуелді екендігін білу;
ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.
Зерттеу жұмысы «Көлеңкенің өлшемі қандай шамаларға тәуелді?»
1) Сыныпты 4 топқа бөлу
2) Екі топ екі түрлі зерттеу жұмысын жасайды, бірақ зерттеу сұрағы бір.
3) Алған нәтижелерін өз топтарында қорытындылап, келесі топқа жасаған жұмыстарын баяндайды.
Зерттеу сұрағы:
«Көлеңкенің өлшемін қалай өзгертуге болады?»
«Егер дене мен жарық көзінің арасын алшақтатсам көлеңке үлкейе ме әлде кішірейеме?»
4) Берілген тортарға зерттеу жұмысының парағын таратып беру. (Зерттеу жұмысы жақсы шығуы үшін бөлме терезесін жауып қараңғылау)
1-ші топтар үшін нұсқаулық:
1. Экраннан 50 см, 100 см, 150 см қашықтықты метрмен өлшеп белеңдер.
2. Бір бала 150 см белгіленген жерде қолшам жағып тұруы қажет.
3. Екінші оқушы жіппен байланған кішкентай допты (теннис добы) экран алдына ұстауы қажет.
4. Қолшам ұстап тұрған бала допқа қарай жарықты бағыттауы қажет.
5. Басқа зерттеушілер экранға түскен көлеңкенің диаметрін (шамамен) сызғыштың көмегімен анықтаңдар.
6. Осы экспериментті 100 см, 50 см қашықтықта қай¬талап жасаңдар.
7. Нәтижелерді келесі кестеге толтырыңдар.
8. Қорытынды жасаңдар.

2-ші топтар үшін:
1. Допты немесе үрленген әуе ша¬рын үстел үстіне қойып, сызғыш арқылы суреттегідей, шар немесе доптың диаметрін анықтаңдар.

2. Экраннан 50 см, 100 см қашықтықты метрмен өлшеп белгілеңдер.
3. Бірінші оқушы экран алдына 50 см белгісінде жібінен кішкентай допты ұстап тұруы қажет.
4. Екінші оқушы 100 см белгіленген жерде қолшамын жағып, допқа қарай жарық сәулесін бағыттауы керек..
5. Экранға түскен доптан көлеңкенің диаметрін басқа оқушылар сызғышпен (шамамен) өлшеңдер.
6. Бірінші оқушы экран алдындағы сол орнында (50 см белгісінде) жібінен әуе шарын ұстап тұруы қажет.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 225



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!