Жарық пен көлеңке 1-сабақ (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

 Жарық пен көлеңке 1-сабақ (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Жарық пен көлеңке 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.5.2.1 - көлеңкенің кедергі өлшемі мен жарық көзінен кедергіге дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу және түсіндіру;
4.1.2.1 - зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
4.1.2.2 - нәтижені оқушы таңдауымен графикалық түрде ұсыну;
Сабақ мақсаттары: Көлеңкенің кедергі өлшемі мен жарық көзінен кедергіге дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу және түсіндіру.Нәтижені графикалық түрде ұсынуды үйрету.

Өткенді қайталау
«Сиқырлы қорапша» ойынын ұсыну
«Сиқырлы қорапшада» берілген сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
Жарық неше түрге бөлінеді?
Табиғи жарық көздеріне мысал келтір.
Жасанды жарық көздеріне мысал келтір?
Тіршілік үшін жарықтың қандай пайдасы бар?
Жарық өткізгіш денелерді ата.
Неліктен кейбір денелер жарық өткізбейді?
Көлеңке дегеніміз не?
Көлеңке қалай пайда болады?
Жарық қандай бағытта түседі?
Сабақ тақырыбы мен мақсатына болжам жасату
(МК, Ұ) Оқушыларға көлеңкелер театрының видеосын көрсету.
-Көлеңкелердің неліктен әр түрлі?
Тақтада жауаптардың тізімін құрастыру.
(ОТ, Т, Ж) Зерттеу нәтижесінде оқушылар «Неліктен көлеңкенің мөлшері жарық көзінен қашықтыққа тәуелді?» деген сұраққа жауап алады. Зерттеу барысында қолшамның жарығы және денелер түсірген көлеңкелер анағұрлым анық болуы үшін терезенің пердесін жабыңыз. Оқушылардың нені білгісі келетінін сұраңыз. Оқушылардың болжам жасауына, өзгертетін айнымалыларды (бірінші жағдайда тәуелсіз айнымалы – жарық көзіне дейінгі қашықтық, ал екінші жағдайда- дененің мөлшері) және өлшенетін нәтижесінде оқушылар «Неліктен көлеңкенің мөлшері жарық көзінен қашықтыққа тәуелді?
Қолшаммен экран арасында миллиметрлік қағазды орналастырыңыз.
• Денені миллиметрлік қағазға орналастырыңыз.
• Дененің қолшамнан арақашықтығы пен көлеңкенің биіктігін кестеге жазыңыз.
• Тәуелсіз айнымалы – дененің қолшамнан арақашықтығы(см) және көлеңкенің биіктігі(см).
• Денені түрлі қашықтықта орналастыра отырып, іс-әрекеттерді қайталаңыз.
Зерттеу барысында оқушылардың түсінгендігін тексеру үшін сұрақтар қойыңыз. Дененің көлеңкесі қай кезде барынша ұзын болды? Кай кезде барынша қысқа болды? Сен нені ұғындың? Нені байқадың, оны қалай түсіндіре аласың?
«Егер осы тәжірибені қайта жасаған болсаңыз, сіз нені өзгертер едіңіз?» деген сұрақ төңірегінде талдау жүргіңіз. Оқушылар зерттеу нәтижелерін график түрінде береді/рәсімдейді.
(Ұ, Қ) Жұптарды немесе шағын топтарды өз қорытындыларымен бөлісуі үшін ортаға шақырыңыз. Түрлі тәсілдерді және нәтижелерді жазу әдістерін салыстырыңыз және талдаңыз.
Бағалау: көлеңке бөгет мөлшеріне тәуелді болады және жарық көзі мен бөгеттің арақашықтығына тәуелді болады.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 544



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!