Дыбыстардың қасиеттерін қалай пайдаланады? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

 Дыбыстардың қасиеттерін қалай пайдаланады? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Дыбыстардың қасиеттерін қалай пайдаланады?
Оқу мақсаты: 3.5.3.1 дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
жануарлардың қашан және не үшін дыбыс шығаратындығы жайлы ақпаратпен танысады;
дыбыстардың айырмашылықтарын анықтайды және салыстырады;
жануарладың есту қабілеттерінің ерекшелігін түсінеді .

Ұйымдастыру.
Ойын: Жануарлар қалай дыбыстайды?
Бұл ойында жануарлардың қалай дыбыстайтынын айту.
Бұлбұл
Тырна
Шағала
Торғай
Қаз
Арыстан
Қасқыр
Қажет сөздер:сайрайды, тыраулайды, шаңқылдайды, шырылдайды, қаңқылдайды, ақырады, ұлиды.
«Жедел жауап».
- Неге балық аулау кезінде шулауға болмайды?
- Неге біз масаның ызыңын қасымызға жақын келген кезде ғана естиміз?
- Тоқылдақтың тоқылы неге кез-келген жерден естіледі?

1. Жануарлардың дыбыстары.
Оқушыларға жануарлардың «дауыстары» жазылған үнтаспаларды тыңдату. Ненің «дауысын» естігендерін талқылау.
- Жануарлар мұндай дыбысты қандай жағдайларда шығаруы мүмкін? деген сұрақ төңірегінде ой бөлісу.
Оқушылармен бірге оқулықтағы суреттегі жануарлардың қарау.
- Суреттерде қандай жануарларды көріп тұрсыңдар?
- Бұл жануарлар қай кезде дыбыс шығаруы мүмкін?
2. Жануарлар қалай естиді?
Оқушылардан елік туралы не білетіндерін сұрау.
- Еліктің құлағы қандай?
- Неліктен оның құлағы өте үлкен әрі қозғалғыш болады деп ойлайсың?
- Циркте үйретушілер иттер ғана ести алатын ысқырықтарды пайдаланады. Неліктен? Оқушыларға өз ойларын айтқызу. Оқушылардың назарын барлық жануарлардың құлақтары үлкен болатынына аудару. Есту қабілеті жануарлардың өмірін сақтайды, себебі олар жауының жақындағанын дер кезінде ести алады. Иттерді жаттықтыру үшін арнайы ысқырық қолданылатынын түсіндіру. Ысқырықпен итке кез-келген адам біле бермейтін белгі берілетінін айту.
3. Зертте.
Зерттеу өткізу үшін оқушыларды топқа бөліп, оларға жануарлар бейнеленген үлестірмелі парақшалар тарату........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 444



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!