Электр және магнит туралы не білеміз? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

 Электр және магнит туралы не білеміз?  (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Электр және магнит туралы не білеміз?
Оқу мақсаты: 3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау;
3.5.5.3 қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну;
3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу.
Сабақтың мақсаты: Электр тізбегінің қарапайым сызбасын жинау. Электр құралдарын пайдаланғанда қауіпсіздік шараларымен танысу.

Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық жайлы ахуал орнату. Оқушы өз көңіл күйлеріне сәйкес гүлдерді таңдайды. Кейбір оқушылар өз қалауымен таңдауын түсіндіреді. Мысалы, раушан мен кактус гүлдерін пайдалануға болады.
Бәрін бергім келеді!
«Поле чудес» ойыны арқылы өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында оқушылар сұрақтар құрастырып, оларға жауап береді. Алдын ала Поле чудес тақтасына сұрақтарды дайындап алу керек. Ондағы сұрақтар:
-Электр тізбегі туралы не айта аласың?
-Электр құралдарын ата. Мысал келтір.
-Батереялар қалай белгіленеді?
-Шамдардың шартты белгісі қандай?
-Қыздыру құралдарына мысал келтір.
-Магниттің қандай қасиеттері бар?
-Магниттің неше полюсі бар?
-Оңтүстік полюсті қандай әріппен белгілейміз?
-Солтүстік полюсті ше?
-Сымдарды ажыратса не болады?
-Қандай заттарды магниттеуге болады?
Тапсырманы орындау барысында оқушылар электр мен магниттілік туралы білімдерін толықтырып, қорытындылайды
ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
Электр құралдары.
Мақсаты: Электр құралдардың шартты белгілерін қайталау. Оқушылардың зейінін дамыту.
Топқа біріктіру. Оқушыларды электр құралдарының мозайкасы арқылы бірнеше топтарға біріктіруге болады.
Тапсырмада оқушылардың зейіні, тапқырлығы дами түседі. Олар топтасып, берілген суреттерден электр құралдарын табады. Тапсырмаға арналған кестені алдын ала дайын қою керек.
Құрал Шартты белгісі

Кесте толтыра отырып, оқушылар шартты белгілерді естеріне түсіреді.
ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы.
Зерттеу жұмысы:
Мақсаты: Денелердің үйкелудің көмегімен электрленуін анықтау.
Ресурстар: Алдын ала пластмасса қабықпен жабылған құрғақ шыны ыдысты дайындау, жүн мата немесе қолғап, мойынорағыш, кішкентай қағаз шыпшалар таратып беру. Тапсырманы оқушылар жұптасып орындауларына болады.
Зерттеудің жоспары:
-Ыдысқа бірнеше шыршаларды салып, ыдыстың қақпағын жауып қойып матамен сүрту;
-Қақпақтың электрлену себебін түсіндіру........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 379



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?