Cәбит Мұқанов (Гүл бағындай Отаным)

 Cәбит Мұқанов (Гүл бағындай Отаным)

Биыл... көктем кезінде... бір күн кешке,
Қиял шалқып, әрбір ой түсіп еске,
Түн бойы отырдым мен, шекпек болып
Қағазға сөзден сұлу көркем кесте.
Жібегім кесте тігер өте жалпақ,
Алпыс ұлтқа меншікті бірдей ортақ,
СССР өлкесі - ол, жер шарының
Алтыдан бірін алган ұлан-байтақ.
Дегенмен ақын сөздің фабригі,
Отанға кесте тігу лайық гүлі,
Қиын боп мен отырдым ұзақ уақыт
Кестемнің ойдағыдай келмей түрі.
Сөз деген жай әншейін ақ жібек жіп,
Ақ жібек жіпті әдемі бояй біліп,
Бояған жіпті бұзбай, үзбей және
Сұлулап ретімен орай біліп,
Өрнекті кесте тігу болды ауыр,
Миымда ой тербеліп соқты дауыл,
Сондай ауыр міндетті жүктемекші
Өзінің ақынына біздің дәуір.
Ой, қиялға дедім мен «құлашық жай!»
Желді күн көл айналған лашындай,
Жер шарын кетті кезіп, жылдамдығы
Жұлдыздай аққан, яки жай тасындай.
Қиялды ұшырып мен, шықтым тысқа,
Тереземнің алдында тау жақ тұста
Бар еді гүл бақшасы, сол бақшада
Сайраған құлақ тіктім бұлбұл құсқа.
Ол уақыт мезгіл екен таңның алды,
Тұр екен белуарлап тау аспанды,
Сол таудан тоты таңның боз пұшпағы
Мен тысқа шыққан кезде қылаңдады.
Кезгенде таудың қырқа, жотасын-ай,
Жағаның жіңішкелеу оқасындай,
Жылтыраған тау басы, таң біліне
Көрінді түйенің ақ ботасындай.
Екі көзім ақ бота - тауға төніп,
Таудан аса қараған таңға төніп,
Таңның нұры, сайраған бұлбұл үні
Кетерілген көңілді бірдей бөліп.
Жүрдім мен гүл бағында ерсіл-қарсыл,
Ұққанда таңда сұлу ғажап бар сыр.
Таң сәулесін қолтықтап көкке өрлеп,
Кетті шырқап биіктеп көңіл таңшыл.
Гүл бағы сол уақытта қасымдағы,
Бүріліп гүлдің қабы басындағы.
Кезі екен шашақтанып гүл жапырақ
Жарқырап дайын тұрған ашылғалы.
Кұлпырған секілденіп тоты түгі
Тамаша таң емес пе гүлдің гүлі,
Тайдырмай тұсай кездің қарашығын
Еріксіз бағындырды таңның нұры.
Алтын таң ұқсап бейне біздің туға
Малынды қып-қызыл боп нарттай буға,
Торғын кек, көлін кектің келбей жүзген
Ұқсады күміс түкті күн аққуға.
Сол кезде түсіп еді гүлге кезім,
Таңдандым көркем гүлге серпіп сезім.
Нелер түс сұлу гүлдер елестетті
Маған таңның күн енді шығар кезін.
Гүл-шешек құшаққа алып атар таңды,
Таң гүлдене гүл-дағы шешек жарды.
Шыққан күн күміс сәуле сеуіп, бүліс
Жайнап гүл мың құлпырып ажарланды.
Сол кезде оралып кеп маған қиял:
-Кестеге бояу таптым,- деді,- құяр,
-Ол не?- деп ем,
-Таң гүл, күн,- деді маған
-Сөз екен,- дедім,- мұның ойға сияр.
Таң, гүл, күнді көргенде түсті еске,
Міне, бұл, біздің елге лайық кесте.
Тотыдай таң - Октябрь,
Күн - СССР,
Партияның лебізі - нұр емес пе!
Бақытқа алтын қақпа ашқан заңы,
Қақпадан кірсең іші алма бағы,
Тілге тәтті, денеге әл-қуатты
Береді атқан таңдай алмалары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?