Сыйлық қаптамасы (Көркем еңбек, 3 сынып, IV тоқсан)

 Сыйлық қаптамасы (Көркем еңбек, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер.
Сабақ тақырыбы: Сыйлық қаптамасы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.3.2 Әртүрлі тәсілдермен және материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) көлемді пішіндер жасау
Сабақ мақсаттары: • Сыйлық қаптамасын жасау мақсатында қаптама жайлы білімдерін кеңейтеді;
• Түрлі техникалар мен материалдарды қолдана отырып, сыйлық қаптамасын жасайды.

Ұйымдастыру кезеңдері
Психологиялық ахуалды қалыптастыру: қарқынды жұмысқа оқушыларды дайындау мақсатында оларға шағын әсем музыкалық жазбаны тыңдауды ұсыныңыз.

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.
Тақырыпқа кіріспе:
Суреттерге қара
Оқушылардың назарын сабақты қаптамалар бейнеленген суретке назар аудартудан бастаңыз. Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап бер:
• Суреттерге мұқият қара. Оны нені көріп тұрсың?
• Бұл заттар неге ерекше көрініп тұр?
• Оларды неліктен осылай әдемі безендіру керек деп ойлайсың?

Қаптама – ішінде қандай да бір зат немесе сыйлық салынған, мазмұнына сай тақырыбы ойластырылған, пішіні, мөлшері, түсі және стилі жөнінен алуан түрлі қатарлар, қораптар немесе қорапшалар және т.б.Иілгіш материалдан жасалған қаптама заттың сұлбасына ұқсауы да мүмкін. Ол сонымен қатар оралған зат әлсіз болса, не болмаса алыс қашықтыққа жеткізуді қажет етсе, біршама берік болуы да мүмкін.
Қоржын – бұл жұқа киізден жасалған сөмкелер. Оған тұрмыстық заттар немесе көшіп-қонған кезде бұйымдар салынып тасымалданған. Қазіргі күні отбасылық мерекелерде қоржынмен сыйлықтар тартылады. Оларды матадан, жұқа киізден, фетрден тігіп, ұлттық оюлармен әшекейлейді.
Талқылауға арналған сұрақтар:
• «Материалдың қасиеттері» деген сөзді қалай түсінеді?
• Сыйлықты қалай қаптауға болады?
• Сыйлық қаптамаларын қандай материалдардан жасауға болады?
Оқушылар берілген сыйлық қаптамаларын зерттейді. Оларды реттелікпен қалай жасауға болатындығын қарастырады. Сонымен қатар, оқушылар үлгілерді қарастырып, оларды көрсетілген жерінен бүктеп көреді.

Тәжірибелік жұмыс.
Оқушылар өздігінен ұнатқан сыйлық қаптамасын жасайды. Қаптаманы жасау барысында оқушылар қалаулары бойынша мұғалімнен көмек сұрай алады. Практикалық жұмыстың алдында оқушыларға қауіпсіздік техникасы ережесі туралы ескерту қажет. Өткір аспаптарды қолдану барысында абай болулары керек.
Талқылауға арналған сұрақтар:
• Өзің жасап жатқан сыйлық қаптамасының дизайнын қалай аяқтайсың?
• Оны безендіру үшін нені пайдаланасың?........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 419



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?