Тәрбие сағаты: 1 Қыркүйек – Білім күні (Менің Отаным - Қазақстан)

Тәрбие сағаты: 1 Қыркүйек – Білім күні (Менің Отаным - Қазақстан)

Сабақтың тақырыбы: 1 - қыркүйек – білім күні (Менің Отаным - Қазақстан)

Сабақтың мақсаты: Балаларға 1 - қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Көрнекі - құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер.
Әдіс - тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ - жауап.

Барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Мемлекеттік әнұранды орындау.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1 - ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).
Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.
Балалар, біз ересек тобында оқу оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.
(балалардың жауабын тыңдау)

Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.
Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?
Балалар: Біз Көкшетау қаласында туып, өмір сүріп жатырмыз.

Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?
Балалар: «Әсел» мектеп - бақшасы.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Ал, балалар, енді бізге Дания атты баламыз Отан туралы тақпақ айтып бергісі келеді.

ІІ. Негізгі бөлім.
Дания:
Отанды біз атамекен деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен, бабамыз бен атамыз.
Отанды әркім анасындай, қастерлейді бағалап
Өйткені Отан анасындай, бізді өсірер аялап.

Тәрбиеші: Міне, осындай тату тәтті, бақытты мемлекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен сабағымызды жалғастырайық.
Венера:
Білім алған өзіңнен, дәрігер, ұшқыш не ғалым.
Саған ыстық сезіммен, қарайды жұрт, мұғалім.
Мен де өзіңді әрдайым, қамқорым деп ұғамын
Күліп атқан таңдасың, жарқыңсың сен, мұғалім.
Даниал:
Қыркүйектің бірінде, кеудем толы дірілге
Құлақ түйем елеңдеп, «Бақша» деген бір үнге.
Бұрхан:
Сәлем саған балабақшам, алтын ұям сүйікті
Сен әпердің білікті, сенен өсіп көктедім.

Балалардың орындауында ән «Біздің балабақша».
Нұрбол:
Келгенімде алдыңа, қызыл арай гүл алып
Жақын тартып жаныңа, шәкіртім деп қуанып.
Балалармен суреттер бойынша әңгімелесу.

Ойын: «Менің сүйікті балабақшам».
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, өз туған жерлеріне, елдеріне, балабақшаларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Рамзан:
Сәлем саған балабақшам, алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие, ой санама еккенің.
Аделия:
Балабақшам – айтар әнім, сан рет қайталадым.
Өзіңнен алғанымды, өзіне қайтарамын.

ІІІ. Қорытынды бөлім.
Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.
Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандары үшін көп рахмет. Бүгінгі 1 - ші қыркүйек – білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі