Кездейсоқ шама 3-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

 Кездейсоқ шама 3-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4A Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары
Сабақ тақырыбы: Кездейсоқ шама 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.4 кездейсоқ шаманы түсінеді және кездейсоқ шамаларға мысалдар келтіреді;
Сабақ мақсаттары: Кездейсоқ шаманың мағынасын түсініп, олардға мысалдар келтіріп, кездейсоқ шамаға жататын мысалдарды ажыратуды үйрену.

Сәлемдесу.
Ықтималдықтар теориясында кездейсоқ оқиғалардан басқа маңызды ұғым кездейсоқ шамалардың бар екендігін мұғалім айтып өтеді.

Сұрақ: Кездейсоқ оқиғаның анықтамасын беріңіз. Кездейсоқ оқиға мен кездейсоқ шаманың айырмашылығы неде? Мысалмен түсіндіріңіз?
Оқушылар мысалдар келтіріп көреді. Мұғалім қажетті жерде өзгерістер енгізіп өзінің мысалдарын келтіреді:
1) Кездейсоқ шамалар ретінде:
2) Талдықорған қаласында бір тәулікте туылған балалар саны;
3) Берілген партияда ақауы бар өнімдерінің саны;
4) Нысанаға бірінші тиюге дейінгі оқтардың атылған саны;
5) Артиллерия снарядының ұшу ұзақтығы;
6) Бір ай ішінде зауыттың элект энергиясының шығыны.
Ойын сүйегін бір рет лақтырғанда 1; 2; 3; 4; 5; 6 сандарының бірі түсуі мүмкін.Нақты қандай сан түсетінін жоспарлау мүмкін емес, өйткені берілген сандардың кез келгені түсуі көптеген себептерге тәуелді және оларды анықтау мүмкін емес. Егер бірінші 3 саны түссе, екіншісінде 1 немесе 5 саны түсуі немесе 3 саны түсуі мүмкін. Сонымен тәжірибенің қайталануынан түскен сандардың жиынтығы кездейсоқ өзгереді. Ойын сүйегін лақтыру кезінде, түскен сандар жиынтығы айнымалы болып табылады, оның өзгерісі көптеген кездейсоқ себептерден тәуелді. Ондай шаманы кездейсоқ деп атайды.

Кездейсоқ оқиға деп кейбір байқау, тәжірибе немесе эксперимент жасауда белгілі бір шарттардың жиынтығы орындалғанда пайда болатын немесе пайда болмайтын нәтижені айтады.
Кездейсоқ шама – ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарының бірі.Кездейсоқ шама – жағдайға тәуелді белгілі бір ықтималдығы бар әр түрлі мән алатын қандай да бір шама.

Мысалдардан кездейсоқ шаманы анықтап, талдау жасалады. Қажетті қорытындыға келеді.

Кездейсоқ шамалары бар мысалдар оқушыларға ұсынылады. Соның ішінде кездейсоқ шама бола алатын және бола алмайтын мысалдар да бар. Оларды анықтап, жауабын негіздеу керек.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 364



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі