Әбіш Кекілбаев

 Әбіш Кекілбаев

Мақтау мен масаттану — даусыз мойындаудың күнгей беті де, күндеу мен қызғаныш — көлеңке беті.

Заманға таң қалма − адамға таң қал.

Өнерде шəкірттік сезімін ұмытқан адам – ұстаз да бола алмайды.

Шын азаматтық бақыт пен шын азаматтық қасірет, ең алдымен, өмірлік проблеманың қалай шешілгеніне байланысты.

Ақын еңбегінің жалғыз өлшемі – оның адам жүрегіне қанша жақындай алғаны.

Ақын үшін ең зымыран тұңғиық та — жүрек, ең шырқау биік те — жүрек.

Адам нәсілін жер бетінде баяндатып тұрған бірден-бір күш — мейірім мен рақым ғана.

Жалпақ əлемді аузыңа қарату үшін − рухани ерлік керек, жалпақ əлемге қысылмай, қымтырылмай қарау үшін − рухани байлық керек.

Ақиқаттың мекені — жүрек.

Жалпы түгел тәуекелге мінбей тұрып, жалқы ештеңе бітіре алмайды. Қарапайым ел деген болмайды. Жеріне, суына, тіліне, дініне, тарихына, тағдырына ие Халық деген болады. Тек сондай халық қана есерін түзеп, еріне медет бола алады. Қорлана бермей, арлана білейік. Намыстың сөзін сөйлейік.

Дәстүр-әдеппен, әдет-ғұрыппен, мың жылдап қалыптасқан дағдымен күресу есуастық. Бірақ оның бәрін жаңа жағдайға лайықтамай, жаңғыртпай, сол қалпында ұстануға тырысу – өз аяғыңды өзің тұсап, өз қолыңды өзің кісендеумен бара-бар.

Адамзат ақыл-ойы талай ғажайыптарды ойлап тауып жатыр ғой. Алда да небір ғаламат жаңалық ашылар. Бәрібір ең ұлы жаңалық — жазу. Одан асқан жаңалық болған емес. Жазудың ойлап табылуы мәңгіліктің біржола мойындалуы. Жазу Адам нәсілін ақылды, айлалы етіп қана қойған жоқ, иманды да ибалы, парасатты да етті. Шын мәнінде Ғылым, Дін, Мәдениет жазудың арқасында пайда болды. Осы арқылы өткен ұрпақтардың құндылықтарымен сусындады, кемелденді.

Уақыттың өтетіні рас, көп нәрсенің ұмытылатыны рас. Бірақ өмір бірақ рет беріледі деген өзіміз білетін қағида бар. Ол қандай заманда, қандай жағдайда өтсе де бәрібір қымбат. Сондықтан өз басым өткенге өкпе жүрмейді деп ойлаймын. Өткенге тек тәубе жүреді деп ойлаймын.

Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана.

Адамдар әділ болса, өмір әрқашан әділ.

Өнерде шәкірттік сезімін жоғалтқан адам ұстаз бола алмайды.

Бағалай білмегенге бақ қонбайды,
Қуана білмегенге құт қонбайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?