Дөңгелек, сектор және сегменттің аудандары 3-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

 Дөңгелек, сектор және сегменттің аудандары 3-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Көпбұрыштар
Сабақ тақырыбы: Дөңгелек, сектор және сегменттің аудандары 3-сабақ
Оқу мақсаттары: Сектор мен сегмент ауданының формулаларын қорытып шығару және қолдану;
Сабақ мақсаттары: Сектор мен сегмент ауданын формуламен есептей алу.

1. Сыныпты ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Оқушылармен диалог орнату арқылы алдында өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойып жауап алу.
- Дөңгелек дегеніміз не?
- Дөңгелектің ауданын табу формуласы қандай?
3. сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылаймын.

Оқушыларға келесі тапсырманы көрсетіп, бұл есепті шығару үшін не білуіміз қажет деген сұраққа жауап аламыз да, есепті шығармай тұрып топтық жұмысқа көшеміз. Топтық жұмысты орындап борлған соң тапсырмаға қайтадан ораламыз
Тапсырма1. Теледидардағы ауа райын болжаушы диаграммада көрсетілгендей бұлт символын қолданады.

Оның периметрі AE түзу сызығынан, APB және DQE жартышеңберлерінен және центрі С болатын шеңбердің BRD басты доғасынан тұрады. AE = 7,5 см, AB = DE = 3 см және BC = CD = 2,8 см. Бұрыштар , X – BD ортасы. Бұлт символының жалпы ауданын табу үшін біз нені білуіміз қажет?

Оқушыларды кіші топтарға біріктіріп, оларға дөңгелек ауданын біле отырып өз беттерінше сектор ауданы мен сегмент ауданын табуды қорытып шығаруды ұсыныңыз. Тапсырма1 қайтадан беріп, есепті сынып бірге шығарады.

Әр топқа төмендегілердің ішінен өз таңдаулары бойынша бір есеп шығаруға беріңіз. Мұғалім топтардың шешімдерін тексеріп, сыныппен бірге талқылайды

1) Суретте найза лақтырудан жарыс өткізетін алқап схемасы көрсетілген. Ол радиусы 100 м болатын дөңгелек сектор пішіндес. Лақтыруға арналған сызық центрден 5 м қашықтықта және ақ түспен боялған. Екінші ақ түсті сызық бірінші доғадан 95 метр қашықтықта, екі ақ сызықтың арасындағы орын найзаның түсу аумағы болып табылады.


i) Боялған ақ сызықтардың жалпы ұзындығын табыңыз.
ii) Егер қону алқабына шөп өсірілген болса, онда осы алқаптың жалпы ауданы қандай?

2) A ауданы + B ауданы = C ауданы болатының көрсетіңіздер.

3) Тең қабырғалы үшбұрышта әрбір екі төбесі мен центрі арқылы өтетін доғалар жүргізілген. Үшбұрыш қабырғасы а-ға тең. Алынған резеткінің ауданын анықтаңыз (сурет).......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 615



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?