Доғаның ұзындығы (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

 Доғаның ұзындығы (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Көпбұрыштар
Сабақ тақырыбы: Доғаның ұзындығы
Оқу мақсаттары: доға ұзындығының формуласын қорытып шығару және қолдану;
Сабақ мақсаттары: Доғаның ұзындығын есептей алу.

1. Сыныпты ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Проблемалық сұрақ:
Суреттен не көріп тұрсыздар?
Формасы қандай?
Оның ұзындығын таба аласыздар ма?
Бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай деп ойлайсыздар?
3. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылаймын.
Оқушылармен диалог орнату арқылы алдында өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойып жауап алу.
- Шеңбер дегеніміз не?
- Шеңбердің ұзындығының формуласы қандай?
- Доға дегеніміз не?
- Өмірден мысалдар келтіріңіздер

Оқушылар «Атом. Молекула» әдісі бойынша үш топқа бөліп отырады. (Мұғалім «Атом, атом, атом ...» сөзін айтқан кезде оқушылар үздіксіз қозғалып араласады, ал мұғалім «Молекула 4 атомнан тұрады» дегенде оқушылар қозғалыс кезінде төртеуден молекула құрай қалады.)

Топтарға шеңбер доғасы ұзындығының формуласын табуды ұсыну. Жұмыс барысында қиындық сезінетін топтарға нақты нұсқаулық беруге болады, мысалы:
1) Шеңбер ұзындығының формуласын жаз.
2) доғаның ұзындығын табыңыз.
3) градустық өлшемдегі доғаның ұзындығын табыңыз.
4) Алынған формуланы ұсыныңыз.

Топтық жұмысты топтар өздерін дескриптор бойынша бағалайды.
№ Дескриптор
1 Шеңбер ұзындығының формуласын жазады. 1
2 доғаның ұзындығын табады.
1
3 градустық өлшемдегі доғаның ұзындығын табады. 1
4 Формуланы қорытып шығарады. 1

Оқушылардың назарын тағы бір доғаның ұзындығын табу формуласына аудартыңыз: , мұндағы
- центрлік бұрыштың радиандық өлшемі, - шеңбер радиусы.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 641



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі