Жазықтықтағы координаталар әдісі 1-сабақ (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

 Жазықтықтағы координаталар әдісі 1-сабақ (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Жазықтықтағы координаталар әдісі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептейді;
кесінді ортасының координаталарын анықтайды
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептеуді бекіту;
- кесінді ортасының координаталарын анықтауға есептер шығару;
- тақырыпты басқа да күрделі жағдайлар да қолдана алу дағдыларын шыңдау.

Ұжымдық жұмыс

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақта үйге берілген тапсырманы жіті тексеру. Мүмкіндігінше сол сабақта салғырттық танытып, немесе баяулап отырған оқушыдан сұраған абзал. Себебі, ол оқушы бірден сабаққа енжар қарамау керек еекенін түсінеді және келесі сабаққа мұқият болуға тырысады.
Ең алдымен оқушылардың жауаптарымен салғыстырып, ең соңынан слайдтан дұрыс жауапты ашып көрсеткен ләзім.

Сабақты белсендендіру.

Тірек ұғымдар жайлы сұрақ-жауап:
1. Тең бүйірлі үшбұрыш анықтамасы?
2. Тік бұрышты үшбұрыш анықтамасы?
3. Үшбұрыштың биссектрисасы, биіктігі, медианасы дгеніміз не?
4. Трапецияның анықтамасы?
5. Екі нүктенің ортасын қалай табады?
6. Кесіндінің ұзындығын қалай табуға болады, егер оның екі ұшының координаталары берілсе?

Осы сұрақтардан соң негізгі тақырыпқа көшіп, оқушыларды оқу мақсаттары, сабақ мақсаттары және бағалау критерилерімен таныстыру. Бұл сабақ өткне сабақты бекіту сабағы болғандықтан, есептер шығаруға тоқталамыз.

Топтық жұмыс.
Үшбұрышты шешу
Есеп 1
А(-2; 5), В(3; 0), С(-3; -2) нүктелері үшбұрыштың төбелері.
Үшбұрыштың тең бүйірлі екенін көрсетіңіз және тең қабырғаларды атаңыз.
Үшінші қабырғаның орта нүктесін табыңыз.
АВС үшбұрышының ауданын табыңыз.

Есеп шығарудың жоспары:
Мұндай типтегі есептерді схемалы түрде сызба салу арқылы шығарыңыз;
Тең бүйірлі үшбұрыш анықтамасын білу керек;
Пифагор (екі нүктенің ара қашықтығы формуласы) арқылы әр қабырғаның ұзындығын табу керек;
Тең қабырғаларды анықтау;
Үшінші қабырғының (бұл жағдайда табанның) орта нүктесін табу керек;
Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиетін қолданып, табанға түскен биіктікті анықтау керек;
Берілген үшбұрыш ауданын табу.

АВ=АС, демек бүйір қабырғалары осылар.
Үшінші қабырға ВС табаны болады.
Оның ортасын табу үшін, орта нүкте координатасын табу ережесін қолданамыз (сурет дәл болса, сурет арқылы шығаруға болады):
ВС-ның ортасы: М= ((3+(-3))/2 ; (0+(-2) )/2)=(0 ;-1)
AM биіктігін жүргіземіз, ауданды табу үшін (басқа әдіспен де табуға болады). Пифагор бойынша:
АМ=√((-2-0)^2+(5-(-1))^2 )=√40
Үшбұрыш ауданы: S(ABC)=1/2∙DC∙AM=1/2∙√(〖40〗^2 )=20.
S=20 (шаршы бірлік)......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 603



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?